Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды

/
Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды
ашық дереккөзі
Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығы берілді, – деп хабарлады Ақорда. Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығы: Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлына, мәдениеттанушы – «Абыз Әбіш» зерттеуі үшін; Ақсұңқар Серікке, ақын – «Көкейімде Күлтегіннің жазуы» өлеңдер жинағы үшін; Есім Ғарифоллаға, жазушы – «Ғұлама-наме» трилогиясы үшін; Жолдасбеков Мырзатайға, әдебиеттанушы – «Ұлы Дала әдебиеті» тарихи-әдеби зерттеулер жинағы үшін; Қанапиянов Бақытжан Мұсаханұлына, ақын – «Достояние души» өлеңдер жинағы үшін; Мұқанова Роза Қажығалымқызына, драматург – «Сарра» драматургиялық шығармалар жинағы үшін; Нұрмағанбетов Тынымбай Нұрмағанбетұлына, жазушы – «Періштелердің өлімі» прозалық шығармалар жинағы үшін берілді.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары