Назар аударыңыз: Қазгидромет еліміздің 7 өңірінде ескерту жариялады

/
Назар аударыңыз: Қазгидромет еліміздің 7 өңірінде ескерту жариялады
ашық дереккөзі
Назар аударыңыз: Қазгидромет еліміздің 7 өңірінде ескерту жариялады Қазгидромет ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады. 27 желтоқсанда Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі. Шығыс Қазақстанның Өскемен, Риддер қалаларында, Жаңа Бұқтырма кентінде 8 желтоқсан сағат 21.00 дейін екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады. 28 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерде тұман түседі, аймақта және Көкшетау қаласында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, кей жерде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман түседі. 28 желтоқсан түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде 22°С дейін қатты аяз сақталады. 28 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерінде және Түркістан қаласында тұман түседі. Шымкент қаласында да 8-9 желтоқсанда кей уақытта тұман болады. 28 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, Петропавл қаласында боран соғады. Батыстан және солтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны 15-20 м/с.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары