Елорданың бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқитын болды

Елорданың бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқитын болды

Елорданың бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқитын болды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында қолайсыз ауа райына байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ресми Telegram арнасында хабарланды. ТЖД ақпарынша, бүгін елордада термометр бағаны 26 градус аязды көрсетіп тұр. "Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Білім басқармасының шешімі бойынша 2020 жылғы 07 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз -26) қала мектептерінің І ауысымдағы 1-4 сынып оқушыларына сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауысады",- делінген хабарламада.