«Қазпоштадан» өрт шықты

«Қазпоштадан» өрт шықты

«Қазпоштадан» өрт шықты
ашық дереккөзі
Түркістан облысының Кентау қаласында «Қазпошта» АҚ бөлімшесінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің реми өкілі Талғат Уәли. «5 желтоқсанда сағат 22:58-де «101» пультіне Кентау қаласында үш қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған «Қазпошта» АҚ кеңсесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен бойда, қоймада қағаз жанып жатқаны анықталды. Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыды. От сағат 23:20-да оқшауландырылып, 23:30-да толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталуда», - деді Талғат Уәли. Өртпен күреске Түркістан облысы ТЖД 14 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылған.