Қарттар үйінде тұрған зейнеткер мұрасын көршілеріне қалдырды

Қарттар үйінде тұрған зейнеткер мұрасын көршілеріне қалдырды

Қарттар үйінде тұрған зейнеткер мұрасын көршілеріне қалдырды
ашық дереккөзі
50252
Германия тұрғыны 7,5 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты көршілеріне өсиет етіп мұраға қалдырған, деп хабарлайды CNN агенттігі. Ренате Ведель күйеуі Альфред Ведельмен Германияның орталығында орналасқан Гессен федеральды аумағына кіретін Вайперфельден ауданында 1975 жылдан бері тұрған. Ренатенің күйеуі 2014 жылы қайтыс болған, ал 2016 жылдан бері Франкфурттегі қарттар үйінде тұрған Ренате 2019 жылы 81 жасқа қараған шағында дүние салған.  width= 2020 жылғы сәуір айында Ренате өзі тұрған аудан басшылығына банктегі қаражаты, акциялары мен құнды заттарын мұраға қалдырғаны белгілі болды. Сонымен қатар жергілікті муниципалитет Ведель әулетінің Вайперфельден ауданында орналасқан жылжымайтын мүлігіне де иелік ететін болады. Ренате бастапқыда жиған-тергенін сіңлісіне қалдырғысы келген, алайда сіңлісі қайтыс болған. Муниципалитет басшысы Бернд Гейне мұндай хабарламаны оқыған кезде өз көзіне өзі сенбегенін айтады. Өсиетнамаға сәйкес, аудан басшылығы қаражатты қоғамдық нысандар мен инфрақұрылымды жақсартуға жұмсауы тиіс. Қазіргі кезде аудан басшылығы мен жергілікті тұрғындар арасында Ренате мұра етіп қалдырған қомақты қаражатты қайда жұмсауға болатынына қатысты пікір қайшылығы туындауда. Гейне қаражатты велосипед жолдарын төсеу, ғимараттар мен балабақша салуға жұмсау керек екенін айтса, жергілікті тұрғындар бұл соманы аудан аймағында ашық хауыз алаңын салу, қоғамдық көліктер сатып алу және балаларға арналған нысандар тұрғызуға жұмсау қажет екенін алға тартуда.

Серіктес жаңалықтары