Қарағанды облысына қарасты Шахан кентіндегі көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінен өрт шықты. Өрт салдарынан 63 жастағы ер адам мен 58 жастағы әйел адам қайтыс болды, — деп хабарлайды ekaraganda.kz. «Бесінші қабаттағы аумағы 40 шаршы метр пәтерден өрт шыққан. Өрт сөндірушілер үш адамды эвакуациялап, сыртқа алып шықты. Алайда пәтер ішінде қалып қойған екі адам: 1957 жылы туған ер адам мен 1962 жылы туған әйел адам қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығу себебі ашық от көзі (сіріңке, темекі, шам және т.б.)», – деп хабарлайды Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі.
Жүктелуде...