801
Қазақстанмен шекара аймақта шошқа обасының өршуі тіркелді
Қазақстанмен шекара аймақта шошқа обасының өршуі тіркелді
Қазақстанмен шекара Ресейдің Омбы облысында африкалық шошқа обасының өршуі тіркелді. Сол себепті жұқтыру қаупіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысында ветеринариялық-санитариялық бақылау күшейтілді, деп хабарлайды AstanaTV.
Қазақстанға тірі шошқаларды, сондай-ақ шикі ет пен термоөңдеуден өтпеген өнімді әкелуге тыйым салынады. Барлық өткізу пункттеріндегі жүктер мұқият тексеріледі.
⠀
Вирус адамдарға қауіп төндірмейді, бірақ Сонымен бұл ауруға қарсы вакцина жоқ.
Қазір өңірде шұғыл профилактика жүргізілуде.
2020 жылдың тамызында Қазақстанмен шекаралас Ресейдің Челябі облысында құс тұмауының ошағы тіркелген еді. Кейін Солтүстік Қазақстан облысының жеті ауданындағы он елді мекенде құс тұмауына байланысты карантин енгізілді.