Бурабайдағы пәтерден төрт әйелдің денесі табылды

Бурабайдағы пәтерден төрт әйелдің денесі табылды

Бурабайдағы пәтерден төрт әйелдің денесі табылды
ашық дереккөзі
Ақмола облысының Бурабай кентінде тұрғын үй пәтерлерінің бірінен төрт әйелдің денесі табылды. Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 2020 жылдың 5 желтоқсанында болғанын хабарлады.
"Сағат 00:00-де Бурабай АПБ кезекші бөліміне Бурабай кентінің тұрғынынан көп қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде кісі өлтірілгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Жедел-тергеу тобы келген соң аталған пәтерден зорлық-зомбылық белгілері бар төрт әйелдің денесі табылды", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотталған Бурабай кентінің 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.