Байқоңырдағы мектептерге «Қазақ тілі» пәні қашан енгізіледі?

Байқоңырдағы мектептерге «Қазақ тілі» пәні қашан енгізіледі?

Байқоңырдағы мектептерге «Қазақ тілі» пәні қашан енгізіледі?
ашық дереккөзі
204
Мәжілістің бір топ депутаты Байқоңыр қаласындағы мектептерге «Қазақстан тарихы» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін міндетті оқу пәні ретінде енгізу мәселесін көтерген болатын. Бұған ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жауап берді. Үкімет басшысы бұл жайтты Ресей тарапымен пысықтау барысында Байқоңыр қаласының әкімшілігі оны «Байқоңыр» кешені жөніндегі Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысында қарауды ұсынғанын айтады. «Бұл ретте, Ресей Федерациясының Ағарту министрлігіне Ресейдің жалпы білім беру ұйымдарында «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін оқыту мүмкіндігіне қатысты ресми ұстаным беру туралы сұрау салу жіберілді. Осы уақытқа дейін Ресей Федерациясының Ағарту министрлігінен жауап түскен жоқ», – деді Премьер-Министр.

Серіктес жаңалықтары