Алматының аруы – Асият (фото)

Алматының аруы – Асият (фото)

Алматының аруы – Асият (фото)
ашық дереккөзі
 «Алматы аруы – 2020» байқауының жеңімпазы болып 20 жастағы  Асият Исембаева танылды. Асиятпен қатар сұлулар сынына қатысқан тағы 3 ару 2021 жылы өтетін «Қазақстан аруы» байқауында бақ сынайтын болады. Олар Амира Сқақ, Александра Розанова және Валерия Сорокотяга. Асият Исембаева – Мәскеу халықаралық университетінің журналистика факультетінің 1 курс студенті. Арулар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Көк-Төбеде болды. Бұл жолы карантиндік шектеулерге байланысты байқау көрерменсіз өтті. Сұлулық сайысына «Алматы аруы-2020» байқауының директоры  Совет Сейітов, әнші Айжан Нұрмағамбетова, «Алматы аруы-2019» байқауының жеңімпазы Диана Әбішева төрелік етті.