Ұрланған 464 телефон табылды

Ұрланған 464 телефон табылды

Ұрланған 464 телефон табылды
ашық дереккөзі
Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны тәркіледі –  деп хабарлады  ҚазАқпарат. «Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен 23 және 20 жастағы ағайынды екі жігітті ұстады. Олар жедел және арнайы іс-шараларының мәліметтеріне сәйкес ұрланған ұялы телефондар мен басқа да құралдарды сатып алған. Бұл партия Қырғызстан мен Өзбекстанға жөнелтілуі ​​тиіс болған. Күдіктілердің тұрғылықты жерінен тінту барысында 464 смартфон, бір ноутбук және төрт қол сағаты табылып, процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 196-бабы 2-бөлімімен жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта осы ұялы телефондардың иелерін анықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.