Елбасы және Түркі әлемі

Елбасы және Түркі әлемі

Елбасы және Түркі әлемі
ашық дереккөзі
450

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы таяп келеді. Бір ғасырға жуық уақыттың үштен бірін алатын осы уақытта еліміздің сыртқы саясатында оның ішінде түбі бір түркі бауырларымызбен өзара ықпалдасуда ғасырларға бергісіз  жұмыстар атқарылды.

Түбі бір түркі әлемі шығыста Байкал көлінен  батыста Дунай өзені аралығында, солтүстікте Сібірден бастап оңтүстікте Қарақұмға дейінгі аралықта   сан ғасырлар бойы ат ойнатып алыпаймақты иемденіп жатты. Өздерінің ғасырлар бойы тұрып келе жатқан жерлерін,  тасқа басылған тарихы мен тілін, мәдениеті мен дәстүрін қорғап қалу үшін сырттан келген жауларымен күресіп отырды. Кей кездері хандықтарға бөлініп өзара қырқысты. Дегенмен тарихтың күрделі кезеңдерінде түркі халықтары өзара ықпалдастыққа барып қиын кезеңдерді өткере білген.  

ХХІ ғасыр ықпалдасу ғасыры. Әлемде үлкен өзгерістер орын алып жатқан уақыттта басқаша аман қалу мүмкін емес. Тілдері мен дәстүрлері бір-біріне ұзақ Еуропа елдері де ортақ мүдделері үшін ықпалдастыққа барып Еуроодақ құрып бірігіп отыр.  Сол еуропалықтар Еуроодақ құрар алдында тілі мен діні бір, тарихы бір   түркі халықтары  сияқты бір-біріне жақындығын тек армандайтын еді.

 Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тұңғыш президентіміз Н. Назарбаевтың түркі халықтарының ықпалдасуы үшін жүргізген саясатының стратегиялық маңызы бар екенін, дұрыс шешім екендігініне көз жеткіздік.   Сонымен барлығы қалай басталды?

1991 жылдың соңына таман   дүниенің алтыдан бір бөлігін алып жатқан алып империя КСРО  өзінен өзі тарап тынды. 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан БҰҰ мүше болды.  Дәл сол уақыттан бастап Қазақстан  сыртқы саясатында белсенділік артты.  Ең алдымен өзіміздің жақын көршілеріміз және түбіміз бір түркітілдес  елдермен дипломатиялық қарым-қатынасымызды түзедік.    

1992 жылдан бастап түрктілдес елдер мәдениет және өнер саласында бір-біріне жақындасу үшін ортақ бір қор (ұйым) құруға келісті. Ұйымның аты не болады, құрылтайшылар қандай міндеттер алады және штаб пәтері қай жерде болады деген сияқты жобалар мен ұйымның жарғылары бір жыл бойы талқыланды. Алдымен кездесу Бакуде, кейін  Стамбулда өтті. Осы ұйымның құрылуын тездету үшін сол кездегі тұңғыш президентіміз Н. Назарбаев түркітілдес елдердің  өкілдерін Алматыға шақырды.  Сонымен 1993 жылдың 12 шілдесі күні құрылтайшы елдердің мәдениет министрлерінің қол қоюымен Алматы қаласында «ТҮРКСОЙ» түркі халықтары мәдениеті мен өнерін дамыту халықаралық ұйымы дүниеге келді.  Құрылтайшылар - Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан Өзбекстан Түркия және Түркменістан. Ұйымның штаб пәтері Анкара қаласында.  Бақылаушы елдер болып Татарстан,  Башқұртстан, Ғағаузия, Алтай, Тыва, Хакасия, Саха сияқты автономды және тәуелсіздігі Түркия жағынан ғана танылған Солтүстік Кипр Түрік Республикасы енді.     2015 жылы Түркия мен Ресей арасында ұшақ жанжалы шыққаннан Ресей құрамыдағы Алтай, Тыва, Хакасия және Саха сияқты автономды елдер «ТҮРКСОЙ» құрамынан шығып кетті. «Шығып кетті» деген жеңіл естілер,  ал шындығында сол кездегі Ресей Федерациясы мәдениет министрі Мединксидің телеграма бұйрығымен шықты. Ал Татарстан мен Башқұртстан бақылаушы статустарын ғана сақтап қалды.  

Түрксой халықаралық ұйымы 1996 жылы ЮНЕСКО халықаралық ұйымымен өзара ықпалдастық келісіміне қол қойды. Сол кезде Елбасы, тұңғыш президентіміз Н.Назарбаевтың ұйтқы болуымен дүниеге келген халықаралық ұйым осы күнге дейін түркі халықтарының ықпалдасауында көптеген іс-шаралар өткізді. Ұйымның қазіргі бас хатшысы Қазақстандық Дүйсен Қасейінов.

Түркітілдес елдердің құрған тағы бір ортақ ұйымы ол  «ТүркПА» «ТүркПА» -түркі халықтары парламенттерінің бірлігі, ассамблеясы.

Бұл ұйым да 2006 жылы түркітілдес халықтардың  8 саммитінде Қазақстанның тұңғыш президенті  Н. Назарбаевтың ұсынысмен бастау алып 2008 жылы 21 қарашада Стамбулда  келесі бір саммитте тағы да құрылтайшы елдер өкілдері тарапынан қол қойылды. Бұл жолы бұл ұйымға тәуелсіз 6 түркі мемлекетінің 4 қосылды. Олар Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия.

ТүркПА-ның шатаб пәтері Баку қаласында орналасқан. ТүркПА 4 бағытта жұмыс жасайды.   1-Мәдениет және оқу-ағарту саласында. 2-Сауда мен экономика саласында. 3,4- Халықаралқы қатынастар мен заң саласында.  ТүрікПА-ның алғашқы пленарлық  сессиясы 2009 жылы 29 қыркүйекте  Бакуде өтті. ТүркПА-ның екінші пленарлық сессиясы 27-28 сәуір күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Жарғыға сәйкес ТүркПА төрағалығы  Қазақстан жағына өтті. Бұл ұйым сол бірінші және екінші сессиялардан кейін де кестеге сәйкес өз жұмысын атқарып келеді. Тұңғыш президентіміздің айтуы бойынша 4 мемлекеттің ЖІӨ 2 трлн доллардан асады. Бірақ елдер арасындағы сауда  айтарлықтай жақсы емес. Сондықтан елдер арасындағы сауданы дамыту керек екендігі айтылды.

Бұдан кейін түркі халықтары арасында тағы бір ұйым дүниеге келді. Ол ұйымның да идеясының авторы біздің Елбасы. Бұл ұйым Әзірбайжанның Нахичеван қаласында 2009 жылы 3 қазан күні құрылды. Штаб пәтері Стамбул қаласында. Ұйымның аты «Түркі кеңесі» Аты айтып тұрғандай бұл ұйымның мақсаты түркі халықтарының кеңес құратын, ортақ бір мәселелерді кеңесе отырып шешетін ұйымы. Ұйым құрылтайшылары алғашында  Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия болды. Кейін бұл ұйымға Өзбекстан қосылды. Түркменістан мен Мажарыстан әзірге бақылаушы.  Келешекте екі мемлекет те  толық мүшелікке өтулері мүмкін.

Елбасы- түркі әлеміндегі  ең маңызды және шешуші тұлға. Ол кісінің бастамасымен түркі әлеміндегі барлық тарптарды риза ететін қауымдастықтар, ұйымдар құрылды. Сондықтан түркі әлемі лидерлері 2019 жылы Баку қаласында өткен «Түркі кеңесі» VII саммитінде Н. Назарбаевқа «Түркі кеңесінің өмір бойғы  құрметті төрағасы» мәртебесін берді. Түркі әлемі үшін жасаған еңбектері үшін   сол саммитте Елбасы еңбегі ескеріліп Түркі әлемінің жоғары дәрежелі ордені тапсырылды.    

Түркі кеңесінің бас хатшылығы қызметін 2009-2014 жылдар аралығында Түркиялық Халил Ақынджы, 2014 -2018 жылдар аралғында Әзірбайжандық Рамиль Ғасанов атқарды. Ал 2018 жылдан бері бас хатшы қызметінде Қазақстандық Бағдад Амреев мырза.

Түркі әлемі үшін Елбасының  ұсынысымен құрылған тағы бір ұйым ол- Түркі академиясы.2009 жылдың 3қазанында Әзірбайжан Республикасының Нахичеван қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының IX саммитінде Қазақстан  Республикасының   президенті   Нұрсұлтан Назарбаев  түркі дүниесін зерттейтін халықаралық ғылыми орталық құру туралы ұсыныс жасады. 2010 жылдың 25 мамыры күні Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан  қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі академиясы ашылды. Бірегей ғылыми-зерттеу орталықтың тұсаукесеріне ҚР тұңғыш президенті  Нұрсұлтан Назарбаев  пен Түркия президенті Абдуллаһ Гүл сонымен  қатар, Қазақстан, Түркия  АҚШ Ресей  (Татарстан  Башқұртстан  Чуваш  Якутия ), Өзбекстан Қырғызстан  Украина мемлекеттерінің көрнекті түрколог ғалымдары қатысты.

Ұйым мақсаты: Көне дәуірден бүгінге дейінгі түркі әлемі тарихын, тілі мен әдебиетін және мәдениетін зерттеп түркі мемлекеттерінің әлемдік өркениеттегі орны мен ерекше үлесін төлтума деректер негізінде аша отырып жалпы түркі әлеміне қатысты ғылыми зерттеулерді үйлестіретін бірегей орталыққа айналу.

Ұйым миссиясы: Түркі халықтары ғылыми қауымдастығының ғылым мен білімінің дамуы, сондай-ақ басқа да түркі тілдес мемлекеттер қайраткерлерінің бастамаларына жағдай жасау және олардың басын бір арнаға қосу. Түрктілдес мемлекеттер арасындағы ғылыми-гуманитарлық интеграцияны дамыту. Түркі академиясының президенті Қазақстандық ғалым Дархан Қыдырәлі.

Түркі әлемін одан ары бір-біріне ықпалдастыру мақсатында Елбасы 2019 жылы Бакуде өткен  Түркі кеңесінің VII саммитінде тағы да мынадай тың идеялармен  бөлісті. Елбасының ұсынысы бойынша «Түркі көзқарасы-2040» бағдарламасы ұсынылды. Бұл бағдарлама бойынша түркі әлемі өзара сауданы дамыту. Экономика саласында ықпалдасу. Туризм мен логистиканы дамыту. «Жасыл экономиканы» мен жасанды интелект саласында бірлесе жұмыстар атқару. Екінші ұсыныс ғылым мен білім саласында ықпалдасу. Мәдениет пен ортақ тарихи мұраларды біріге қорғау және келешек нәсілге аманаттап қалдыру.  

Түркі халықтарның түгеліне жуығының диаспоралары кезінде түрлі жағдайлармен қазақ жеріне келген, қазір   Қазақстанда тату тәтті өмір сүріп жатыр десек қателеспейміз.  Былай айтқанда, біздің еліміз үшін түркі интеграциясы бір уақытта сыртқы және ішкі саясаттың мәселесі  сондықтан да оның стратегиялық маңызы бар деп дәлелді түрде айта аламыз.

Нұрат Ілияс, саясаттанушы

Серіктес жаңалықтары