Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі сырт алаңдағы ойында италиялық «Интермен» кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кездесу «Сан-Сиро» стадионында өтті.
Бірінші тайм алаң иелерінің белсенді прессингінен басталды. Олар бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырғанымен, оны голға айналдыра алмады. Қонақтар тарапынан Эдмилсонның баспен жасаған соққысын қақпашы Ян Зоммер қайтарды, ал Дастан Сатпаевтың алыстан бағыттаған добы рикошетпен бағанға тиді. Осыдан кейін қақпа алдындағы қарбаласта Лаутаро Мартинес Темірлан Анарбеков қақпасына гол соқты.
Екінші таймда миландықтардың шабуылынан кейін бұрыштан доп көтеріліп, Офри Арад баспен соққы жасап есепті теңестірді. Дегенмен, ойынның соңына қарай Анарбеков бірнеше рет қақпасын құтқарғанымен, Карлос Аугусто дәл соққымен бұрышқа бағыттап, «Интерге» жеңіс сыйлады — 2:1.