Мұғалімдерге тіл тигізген ата-аналар жазаланды

Мұғалімдерге тіл тигізген ата-аналар жазаланды

Мұғалімдерге тіл тигізген ата-аналар жазаланды
ашық дереккөзі
Жамбыл және Ақтөбе облыстарында педагогтарға тіл тигізген бірнеше ата-анаға айыппұл салынды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова айтып берді, деп хабарлайды tengrinews.kz "Біздің департаменттеріміз әр өңірде педагог мәртебесі туралы заңды бұзатын істерді бақылауға алып отыр. Мұғалімдердің құқықтары бұзылған жағдайлар болды. Мысалы, Ақтөбе облысында ата-ана мұғалімге жақсы баға қоюды талап етіп, әдепсіз сөздер айтқан. Мұғалім өз құқығын қорғау үшін біздің бөлімге жүгінді. Барлық мән-жайлар мен фактілер расталған кезде, Қазақстан ӘҚБтК-нің 409-бабы "Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасын бұзу" бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ата-анаға 30 АЕК (68 000 теңге-ЕСК. автор)", - деді Гүлзат Көбенова. Екінші оқиға Жамбыл облысында болған. Гүлзат Көбенованың айтуынша, соңғы жарты жылда педагог құқығын бұзу мәселелері бойынша 40-тан астам әкімшілік іс қозғалған. Негізінен мұғалімдер өздерінің міндеттерінен тыс жұмысқа тартылғандарын айтып шағымданған.