253
БАҚ: Джо Байден – АҚШ-тың сайлау тарихында 80 млн дауыс жинаған алғашқы үміткер
БАҚ: Джо Байден – АҚШ-тың сайлау тарихында 80 млн дауыс жинаған алғашқы үміткер
Демократ Джо Байден АҚШ-тағы президент сайлауы тарихында 80 миллион дауыс жинаған алғашқы кандидат атанды.
NBC телеарнасының есебінше, Байден 80 013 916 дауыс, ал Дональд Трамп 73 882 361 дауыс жинаса, өзге кандидаттардың қосынды дауысы – 2 867 746.
Cook Political Report компаниясының дерегіне сүйенсек, Демократиялық партия үміткеріне 80 033 996 дауыс, Трампқа 73 878 907 дауыс берілген.
Есептеулер қорытындысының әр түрлі болу себебі – АҚШ-та бірыңғай сайлау комитеті жоқ. Сайлау әр округтер бөлек өткізіледі, ал дауыстар округтер мен штаттар деңгейінде саналады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Трамп әкімшілігі Джо Байденге билікті өткізуге дайын екенін мәлімдеген еді.