Трамп әкімшілігі Байденге билікті өткізуге дайын екенін мәлімдеді

Трамп әкімшілігі Байденге билікті өткізуге дайын екенін мәлімдеді

Трамп әкімшілігі Байденге билікті өткізуге дайын екенін мәлімдеді
ашық дереккөзі
АҚШ-тың федералды билігі жаңа сайланған ел президенті Джо Байденге билікті өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды CNN. Телеарна дерегінше, Ақ үйдің қазіргі басшысы Дональд Трамптың әкімшілігі Байден әкімшілігіне өкілеттігін өткізуге дайын екенін хабарлаған. Бұл туралы Жалпы қызметтер басқармасының (GSA) басшысы Эмили Мерфидің хатында айтылған. Бұл шешім Трамп командасының өз жеңілісін мойындаудағы алғашқы қадамы деп бағаланып отыр. Мерфидің сөзінше, оған қысым көрсетілмеген, шешімді өзі қабылдаған. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дональд Трамп сайлауда Джо Байденді жеңудің жолын тапқанын мәлімдеген еді. Трамптың сөзінше, оның қолында дауыстарды санаудағы заңбұзушылықтар жайлы деректер жеткілікті. Десе де, сот Трамптың шағымын кері қайтарды.