Президент: «Nur Otan» партиясы ел тағдырына жауапты ең басты саяси күшке айналды

Президент: «Nur Otan» партиясы ел тағдырына жауапты ең басты саяси күшке айналды

Президент: «Nur Otan» партиясы ел тағдырына жауапты ең басты саяси күшке айналды
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы ел тағдырына жауапты ең басты саяси күшке айналды. Бұл туралы партияның кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Партиямыздың кезектен тыс XX Съезі күрделі әрі маңызды кезеңде өткізіліп отыр. Бұл мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі айтулы оқиға. Бүгінде «Nur Otan» партиясы ел тағдырына жауапты ең басты саяси күшке айналды. Халқымыз бізге қашанда зор сенім артады. әсіресе жаһандық дағдарыс кезінде ел аманатына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Бүкіл әлемге тараған пандемия Қазақстанға да оңай тиген жоқ. Мемлекет азматтарымыздың денсаулығын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр»,- деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы партия тарапынан халыққа ұдайы қолдау көрсетіліп келе жатқанын айтты. Партия белсенділері және еріктілері мұқтаж жандардан көмегін аямағанын атап өтті. «Осындай нақты жұмыс пен жанашырлық береке-бірлігімізді арттыра түседі. Қазақстан қазіргі ахуалға қарамастан стратегиялық даму мақсаттарын дәйекті түрде іске асырады. Бұл ретте Елбасы саясатының сабақтастығын қамтамасыз ету негізгі міндеттің бірі. Мен биылғы Жолдауымда партияның қоғамдағы жетекші рөлі туралы айттым. Біз реформаларды жүзеге асыру барысында «Nur Otan» партиясының зор әлеуетіне сүйенеміз»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.