Каспий теңізінде жер сілкінді

Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Әзірбайжан Ұлттық Ғылым Академиясының Сейсмологиялық қызметтер Республикалық орталығы.

Жер сілкінісі бүгін, 21 қарашада, сағат 04:00-де Каспий теңізінде тіркелген. Жер асты дүмпулері 14 шақырым тереңдікте сезілген.

Сейсмикалық белсенділік Ақтаудан 352 шақырым жерде тіркелді.

Жер бетінің тереңдіктегі тербеліс магнитудасы үш баллды құрады.

Гипоцентрдің координаттары – 40.52° солтүстік ендік, 51.65° шығыс бойлық.

 

Back to top button