Коронавирусты емдеуде борсық майы көмектесе ме?

Коронавирусты емдеуде борсық майы көмектесе ме?

Дәрігерлер коронавирусты емдеудің түрлі амалдарын айтып жатыр. Бірақ бұл туралы медициналық дәлел жоқ. Десе де, қалықтық ем-домдардың көптеген ауруға ем екені бәрімізге аян.

Халықтық ем-дом коронавирус инфекциясын емдеуде көмектеседі ме?

Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Ләззат Ералиева жауап берген екен.

– Шындығында, халықтық медицинада, әрине, борсық пен аю майлары жиі қолданылады. Бірақ оның тиімділігін айғақтайтын тағы бір жағынан нақты дәлел жоқ. Бұл майларды, әсіресе кішкентай балалар ішке қабылдаса, коронавирустан айығып кетеді деп айта алмаймыз, бізде мұндай дәлелдемелік база жоқ. Сондықтан дәстүрлі медицинаны қолдану коронавирус ауруның жеңіл жүруіне көмектеседі деп кесіп айтуға болмайды, – деді Ләззат Ералиева ОКҚ брифингінде.

Back to top button