«Жуынып жатқанда ток ұрған». Қызылордада 17 жастағы қыз қайтыс болды

Қызылордада 17 жастағы қыз жуынып жатқанда  ток ұрып қайтыс болды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қайғылы жағдай 19 қарашада болған.

«Шиелі ауданы Н.Бекежанов ауылындағы жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде жуыну кезінде қыз бала абайсызда электр жылытқышқа құлап, ток ұру салдарынан қайтыс болды» делінген ТЖД баспасөз мәлімдемесінде.

Back to top button