20 қарашаға арналған ауа райы болжамы

20 қарашаға арналған ауа райы болжамы

20 қарашаға арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөзі

Қазгидромет 20 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райы әлі де антициклонмен анықталады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек елдің солтүстігі мен оңтүстігінде фронталды бөліктердің әсерінен қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.