Жаңа Зеландияда полицей әйелдерге хиджаб киюге рұқсат етілді

Жаңа Зеландияда полицей әйелдерге хиджаб киюге рұқсат етілді

Жаңа Зеландияда полицей әйелдерге хиджаб киюге рұқсат етілді
ашық дереккөзі
50348
Жаңа Зеландия полициясында қызмет ететін мұсылман әйелдерге хиджаб үлгісіндегі униформа киюге рұқсат етілді, деп хабарлайды BBC агенттігі. Аталған елдің полиция бөлімінде жұмыс істейтін Зина Әли басына орамал тағып, үстінен фуражка киетін тұңғыш әйел офицер атанды. Арнайы тігілген киім үлгісін Massey дизайн мектебі әзірлеген. Жаңа Зеландия полиция басқармасы өкілінің айтуынша, хиджабты униформа ретінде кию мәселесі 2018 жылдың басында полиция мектебінде оқитын қыздардың бастамасымен көтерілген болатын. Фиджи аралында дүниеге келген Зина кішкене күнінде Жаңа Зеландияға көшіп барған. 2019 жылғы 15 наурызда Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы мешіттерде болған лаңкестік оқиғадан кейін полиция қызметіне орналасқысы келген. Полицияда қызмет ететін мұсылман әйелдерге хиджаб үлгісіндегі униформаны киюге 2006 жылы Ұлыбританиядағы Лондон қалалық полиция басқармасы, 2016 жылы Шотландия полициясы рұқсат берген болатын. Сонымен қатар 2004 жылы Австралияда Маха Суккар есімді әйел тұңғыш рет хиджаб киген полиция қызметкері атанды.  width=

Серіктес жаңалықтары