Канадалық өнертапқыш коронавирустан қорғайтын шлем жасап шығарды

Канадалық өнертапқыш коронавирустан қорғайтын шлем жасап шығарды

Канадалық өнертапқыш коронавирустан қорғайтын шлем жасап шығарды
ашық дереккөзі
Канадалық өнертапқыш Езин Аль-Кайси COVID-19 індетінен қорғайтын шлем жасады. Ол өзі ойлап тапқан осы құрылғыны екі айдан бері қоғамдық орындарда пайдаланып жүр, деп хабарлайды BBC Қорғаныш шлемі бас пен дененің жоғары бөлігін толықтай жауып тұрады. Электр қуатымен жұмыс істейтін құрылғы ауаны тазартуға арналған жүйемен қамтамасыз етілген. Канадалық өнертапқыштың бұл жұмысына қызығушылық танытқан VZYR Technologies компаниясы қорғаныш шлемдерін шығаруға кірісті.  width= Шлемнің атауы – BioVYZR. Батареяның қуаты 12 сағатқа жетеді. Мұндай қорғаныш шлемді алдын ала тапсырыспен 379 долларға сатып алуға болады. Қазірдің өзінде құрылғыға 10 адам тапсырыс беріп үлгерген.