Кировск қаласында Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовтің ескерткіші ашылды

Кировск қаласында Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовтің ескерткіші ашылды

Кировск қаласында Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовтің ескерткіші ашылды
ашық дереккөзі
Ленинград облысының Кировск қаласында Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовтің ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара Санкт-Петербург және Ленинградтағы «Ата-Мекен» қазақ ұлттық мәдени қоғамының қатысуымен және Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі Бас консулдығының бастамасымен ұйымдастырылды. Сұлтан Баймағамбетовтің атымен аталатын жергілікті гимназия ғимаратының жанындағы ескерткіш 2001 жылы орнатылған, алайда ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі керек болған. Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетов 1920 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. 1944 жылы КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының шешімімен Баймағамбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ол Ленинград облысы, Синявино ауылында жерленген.