Елордада халықаралық композиторлар байқауы басталды

Елордада халықаралық композиторлар байқауы басталды

Елордада халықаралық композиторлар байқауы басталды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда «New Music Generation 2020» халықаралық композиторлар конкурсы басталды. Онлайн байқау 21 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды «Хабар 24». Байқауға Франция, Германия, Италия, Беларусь және Ресей сияқты әлемнің 22 елінен 98 үміткер 160 партитура ұсынды. Қазылар алқасы туындыларды алғаш рет онлайн бағалайды. Конкурстың ерекшелігі сол, қатысушылардың есімдері жария етілмейді. Бұл композицияларға баға беру кезінде бейтараптықты сақтауға мүмкіндік береді дейді ұйымдастырушылар.