COVID-19: Франция індет жұқтырған қарттарды Германияға жөнелтуде

COVID-19: Франция індет жұқтырған қарттарды Германияға жөнелтуде

COVID-19: Франция індет жұқтырған қарттарды Германияға жөнелтуде
ашық дереккөзі
Еуропада эпидемиологиялық ахуал күн өткен сайын ушығып барады. Шектеу шаралары күшейтілгеніне қарамастан, құрлық елдерінде індет жұқтырғандар саны азаяр емес.  Италияда күн сайын 30 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталуда. Мамандар індеттің күшеюін елде жаппай тестілеу жүргізіле бастауымен байланыстырып отыр. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, Аппенин түбегінде пандемия басталғалы 1 028 424 адам індет жұқтырған. Франция ауруханаларында да коронавирусты жұқтырғандар саны артып, ауруханаларда орын жетіспей жатыр. Салдарынан науқастарды көрші Германияға аттандырып жатыр. Олардың басым бөлігі – қарттар. Шетелге емделуге, негізінен соңғы 7 күнде вирус жұқтырған 55 пен 60 жас аралығындағы науқастар жіберілуде. Өйткені бір апта ішінде  олардың көбінің жағдайы нашарлаған. Бүгінде Франция індет жұқтырғандар саны жөнінен әлемде төртінші орынға шығып отыр. Елде 1,9 миллионнан астам адамнан коронавирус анықталған. Қатаң шектеулер енгізген Ұлыбританияда да індеттің таралуын бақылауға алу үшін тұрғындарды тестілеу күшейтілді. Билік азаматтарға аурудың нышандары байқалмаса да, тексерістен өтуге шақыруда. Үкімет осы арқылы вирусты жұқтырғандарды тез анықтап, індеттің таралуын шектемек. Вирус таралғалы Ұлыбританияда 1,2 миллионнан астам адам індет жұқтырған.