Nur Otan шағын және орта кәсіпке қолдауды арттырады

Сондай-ақ!

«Үй алып берем» деп ақша алыпты

Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беруге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Túrkistan.kz   ІІМ сілтеме жасап. Бұрын сотты болған 60 жастағы М.есімді алаяқ әйел...

Ұрланған 464 телефон табылды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны тәркіледі –  деп хабарлады  ҚазАқпарат . «Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен...

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты  емдеу үшін 465 мың теңгеден 900 мың теңгеге дейін қаржы жұмсалады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «коронавирус инфекциясымен ауырған бір...

Қомақты қаржы жымқырған: Энергетика министрлігі мен облыс әкімдіктеріндегі бірнеше шенеунік тергелуде

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдолла ҚР Энергетика министрлігінің және бірқатар облыс әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларының үстінен...

«Nur Otan» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес отырысында шағын және орта кәсіпкерлікті заңнамалық қолдау мәселелері көтерілді.

Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Қанат Мусин коронавирус пандемиясы бүкіл әлемде экономикалық құлдырауға алып келді деп атап өтті.

«Елімізде карантинге байланысты қолға алынған іс-шаралар экономикаға және нақты сектордағы кәсіпорындардың, соның ішінде, ең алдымен шағын және орта бизнестің қызметіне теріс әсер етті. Мемлекеттік қолдаудың бірінші кезектегі бағыты – заңнамалық базаны жақсарту» – деді Қанат Мусин.

Кеңес мүшелерінің пікірінше, шағын және орта бизнес саласындағы тұрақтылық аса маңызды, өйткені шағын және орта бизнеспен айналысатындардың саны халықтың 31,7%-тін құрайды. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновтың айтуынша, енгізілген карантиндік шаралардың салдарынан 40 мыңнан астам бизнес субъектісі зардап шеккен.

«Қазіргі уақытта кәсіпкерлер жұмыс істеуге мүмкіндік беруді сұрап отыр. Пандемияның екінші толқыны жүріп жатыр, бірақ шектеу шараларына мұқият болу керек, – деді бизнес-омбудсмен.

Отырысқа қатысушылар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бизнесті реттеудің оңтайлы тәсілдерін әзірлеу жөніндегі тапсырмаларының орындалуына тоқталды. Естеріңізге сала кетейік, Президент Қазақстан халқына Жолдауында реттеуді «түбегейлі басынан бастап» енгізуді, яғни кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды қайта қарауды ұсынған болатын.

«Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан  қойылып отырған 30 мыңға жуық талап бар, олардың көпшілігі ескірген, басқалары бірін бірі қайталайды. Осыған байланысты кәсіпкерлердің мемлекеттік органдарға деген сенімсіздігі артып келеді», – деді Кеңес мүшесі, Мәжіліс депутаты Василий Олейник.

Қалыптасқан жағдайға түсіндірме бере келе, ұлттық экономика бірінші вице-министрі Әсет Ерғалиев Кеңес мүшелеріне келесі жылдың қыркүйегінде Парламенттің төменгі палатасына тиісті заң жобасы берілетінін айтты.

«Құжатта 3 кодекске, 8 заңға, мемлекеттік органдардың 66 бұйрығына бизнеске кедергі келтіретін және азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталмаған қайшылықты, ескірген талаптарды жоюға бағытталған өзгерістер енгізуді көздейді. Бұдан басқа, бизнес есептілігін толық автоматтандыруды енгізу және есептілік базаларын интеграциялау жоспарлануда», – деді Әсет Ирғалиев.

Тағы бір маңызды мәселе микроқаржы ұйымдарының қызметіне қатысты болып отыр. Атап айтқанда, Құқықтық кеңес төрағасы банктік займның қолжетімсіздігіне байланысты банктердің микроқаржы ұйымына жүгінуге мәжбүр екенін атап өтті.

«Қазір шынтуайтында автобус аялдамаларында шағын несиеге қолжеткізіп, бірден ақша алуды ұсынады. Бірақ бұл ақшаның құны қандай? Кейбір жағдайларда пайыздық мөлшерлемесі 700%-ке жетеді! Бұл микроқаржы ұйымдары азаматтардың қаржылық сауатсыздығын пайдаланып, оларды қарызға батыруда. Сонымен қатар алаяқтық жағдайлары да жиі кездеседі. Адамның ЖСН-ін, телефон нөмірін білу арқылы микрокредитті кез-келген адамға іліп қоюға болады. Өтініш білдірушінің жеке басын және кімге несие берілетінін ешкім тексермейді», – деп атап өтті Қанат Мусин.

Өз кезегінде Ұлттық экономика бірінші вице-министрі экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері жөніндегі шешімдер заң жобасында ұсынылғанын мәлімдеді. Басты жаңалық – екінші деңгейдегі банктерге қойылатын талаптар микроқаржы ұйымдарына да қолданылатын болады. Бұдан басқа, пайыздық мөлшерлемелерге және алаяқтықты болдырмауға шектеулер белгіленеді.

Құқықтық кеңес отырысын қорытындылай келе, Қанат Мусин шағын және орта кәсіпкерлікті одан әрі заңнамалық қолдауды жетілдіру бойынша тиісті мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар жіберілетінін атап өтті.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Динара Сәтжанның сәтсіз жарнамасы «қызыл аймақ» әкімдеріне ұпай әкелмеді

Белгілі журналист, блогер Динара Сәтжан жақында Өскемен қаласына барып, Instagram әлеуметтік желісіндегі...

«Үй алып берем» деп ақша алыпты

Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беруге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды, деп...

Ұрланған 464 телефон табылды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны...

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты  емдеу үшін 465 мың теңгеден 900 мың теңгеге...

Қомақты қаржы жымқырған: Энергетика министрлігі мен облыс әкімдіктеріндегі бірнеше шенеунік тергелуде

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...