Жаңалықтар

Жамбыл облысында карантин жеңілдетілді

Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, бүгіннен бастап өңірде карантин талаптары жеңілдетілді. 

Облыста театрлар мен мешіттердің жұмысына рұқсат берілді. Сондай-ақ, екінші тоқсаннан бастап, қалалық және ауылдық аймақтағы контингенті 300 оқушыға дейінгі мектептер дәстүрлі оқу форматына көшірілетін болды. Алайда, әрбір сыныптардағы балалардың саны 15-тен аспауы шарт. Жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныптар, ал, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқытуға рұқсат етілген.

Еліміздің өзге өңірлерінде карантин шаралары керісінше, күшейтілуде. Атап айтқанда, Оралда автокөлік қозғалысына сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін шектеу қойылмақ.

Сондай-ақ, Ақмола облыстық бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Көкшетау қаласына кіреберіс жолдарға қайтадан блокбекеттер қойылады.

Back to top button