220
Польшада жалпыұлттық карантин енгізілуі мүмкін
Польшада жалпыұлттық карантин енгізілуі мүмкін
Польшада коронавирустың таралу қарқыны артуына байланысты жаңа шектеулер енгізіледі.
7 қарашадан бастап елде барлық кинотеатр мен театрлар, мұражай, қоғамдық және музыкалық орталықтар жабылады. Ал 9 қарашадан барлық сынып оқушылары қайтадан қашықтан оқу жүйесіне көшеді.
Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкийдің айтуынша, егер бұл шаралар нәтиже бермей, дертті жұқтырғандар қарасы көбейсе, жалпыұлттық карантин енгізіледі.
Пандемия басталғалы Польшада 467 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Індеттен 7 мыңға жуық науқас көз жұмды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Италияда қатаң карантин режимі қайта енгізілгенін хабарлағанбыз. Ел тұрғындары кешкі сағат 22:00-ден бастап таңғы 05:00-ге дейін үйлерінен шыға алмайды. Мектеп автобустарын қоспағанда қоғамдық көліктердің сыйымдылығы 50% -дан аспауы шарт. Сондай-ақ, орта мектептер қашықтан оқытуға көшеді.