Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов үйлер мен кәсіпорындарды интернетке қосу жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті. Бұл ретте бірінші кезекте ауылдық елді мекендерге назар аудару тапсырылды. Елімізде тартылған магистральдық желілерге қарамастан, үйлер мен кәсіпорындарды интернетке нақты қосу мүмкіндігі жағынан әлі де болса алшақтық бар. Бұл мәселе әсіресе ауылдық жерлерде өткір тұр. Көп жағдайда магистральдық желілер жеткізілгенімен, олардың елді мекен ішіндегі тармақталған желісі жоқ, деп хабарлайды turkystan.kz.
«"Қолжетімді Интернет" ұлттық жобасының нәтижесі елді мекендерге дейін желі тартумен ғана шектелмей, тұтынушыларды интернетке нақты қосуды қамтамасыз етуге тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр сонымен қатар ірі елді мекендер мен автомобиль жолдарында мобильді байланыстың тұрақсыздығына қатысты азаматтардың шағымдары әлі де бар екеніне баса назар аударды. Бұл мәселе байланыстың сапасымен қатар, қауіпсіздікке де тікелей қатысты. Осыған байланысты проблемалық учаскелерді жүйелі түрде анықтап отыру қажет және бүкіл ел аумағындағы байланыстың сапасы бойынша нақты ахуалды айқындау керек.
Үкімет жетекшісі Жасанды интеллект министрлігіне байланыс операторларымен және әкімдіктермен бірлесіп:
- осы жылдың соңына дейін көрсетілетін қызметтердің нақты сапасына мониторинг жүргізуді көздей отырып, ауылдардағы абоненттерді интернетке қосудың 2027 жылға арналған нысандық кестесін бекітуді;
- бір ай мерзімде байланыс сапасы нашар аумақтардың картасын қайта қарап, кемшіліктерді жоюдың нақты мерзімдерін белгілеуді тапсырды.