282
COVID-19: Ресейде індет жұқтырғандар саны 1,7 миллионнан асты
COVID-19: Ресейде індет жұқтырғандар саны 1,7 миллионнан асты

Ресейде бір тәулікте 19 404 адамнан коронавирус анықталды. Пандемия басталғалы індет жұқтырғандардың жалпы саны 1 712 858-ге жетті. Бұл туралы елдегі індетпен күрес жөніндегі жедел штабтың Telegram-каналында хабарланды.
Бір күнде 12 238 адам емделіп шыққан. Сондай-ақ, дерті асқынған 292 науқастың көз жұмғаны белгілі болды. Елде барлығы 1 279 169 адам індеттен айықты, ал вирус құрбандарының жалпы саны – 29 509.
Еске сала кетсек, жуырда Ресейде жалпыға міндетті маскалық режим енгізілген болатын. Елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, тұрғындар қоғамдық көлікте, таксиде, жеделсатыда, көлік тұрақтарында, сондай-ақ адамдар көп жиналатын өзге де орындарда бетперде тағуға міндетті.