265
Италияда қатаң карантин режимі қайта енгізілді
Италияда қатаң карантин режимі қайта енгізілді
Коронавирустың қайта өршуіне байланысты Италияда қатаң карантин режимі қайта енгізілді. Шектеу шаралары 3 желтоқсанға дейін созылады, деп хабарлайды ANSA.
Италия тұрғындары кешкі сағат 22:00-ден бастап таңғы 05:00-ге дейін үйлерінен шыға алмайды. Мектеп автобустарын қоспағанда қоғамдық көліктердің сыйымдылығы 50% -дан аспауы шарт. Сондай-ақ, орта мектептер қашықтан оқытуға көшеді. Демалыс күндері мұражайлар мен сауда орталықтарының жұмысы тоқтатылады.
Италияның Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, соңғы тәулікте елде COVID-19 жұқтырудың 30 550 жаңа жағдайы тіркелген. Коронавирустан 24 сағат ішінде 353 адам көз жұмған. Елде COVID-19 вирусынан қайтыс болғандардың жалпы саны 39 764 адамға жетіп отыр.
Айта кетейік, Үндістанда да індеттің таралу қарқыны күрт артты. Соңғы тәулікте елде 50 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған. Ел астанасында 7 мыңға тарта адамнан қатерлі вирус анықталды. Бұл - пандемия басталғалы тіркелген рекордтық көрсеткіш.