Кәсіпкерлік гранттардың жартысы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілді

Кәсіпкерлік гранттардың жартысы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілді

Кәсіпкерлік гранттардың жартысы көпбалалы  және аз қамтылған отбасыларға берілді
ашық дереккөзі
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында гранттардың 30 пайызға жуығы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға бөлінеді. Көпбалалы отбасылар мәселелері жөніндегі комиссия отырысы барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов қалалар мен аудан әкімдіктеріне бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін арттыруды тапсырған болатын. Облыс әкімі Даниал Ахметов­тің мә­лімдеуінше, қалалар мен аудан­дар­дың әкімдіктері аудан­дық комиссиялармен бірлесіп, аз қам­тылған және көп­балалы отба­сы­ларға мемлекеттік грант­тар беру бойын­ша ауқымды жұ­мыс жүргізуі тиіс. Бұл өте маңызды. Қа­зір біз 30 пайыз­ға жеттік, бірақ ме­нің ойымша, келесі жылға қарай бұл көрсеткіш 50 пайыздан кем болмауы тиіс. Бүгінде ауданда мемлекеттік бағ­­дарламалар өз нәтижесін беріп, Пре­зи­дентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда жүктеген міндеттері барысында жүйелі жұмыстар атқарылып, әсіресе көпбалалы және әлеуметтік жа­ғынан аз қамтылған отбасыларға, мүм­кіндігі шектеулі жан­дарға үлкен қол­дау көрсетіліп, грант­тар берілуде. «Еңбек» бағдарламасы бойынша  Ұлан ауданына 27 780,000 сомасына 50 грант берілді, оның ішінде атаулы әлеу­­меттік көмек алушы көпбалалы 13 отбасы 7 222 800  теңге, атаулы әлеу­­­­­­­­меттік көмек алатын 3 отбасы 1 666 800 теңге,   сертификаты бар 3 көп­балалы отбасы 1666 800 теңге, сер­тификаты бар  1 жұмыссыз адам 555 600 теңге алды. Сондай-ақ 6 жұ­мыс­сыз адам 3 333,600   теңге, 3 топ­тағы бір адам 555 600 теңге, 7 аз қам­тылған отбасы 3 889 200 теңге, 12 көп­балалы отбасы 6 667 200 теңге,   атаулы әлеуметтік көмек ала­тын 4 отбасы  2 222,400 теңге грант алды. Бағдарламаның игілігін көрген отбасылар мемлекеттің қол­дауына дән риза.  Осындай қолдаудың нәтижесінде алдағы уақытта өз істерін одан ары кеңейтіп, кәсібінен нәсіп табуға нық сеніммен қарайды. Ұлан ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы­ның директоры Азамат Жақсылы­қ­ұлынан аталмыш грантқа қарыз­дары барлар қалай қол жеткізе алаты­нын сұраған едік. – Көпбалалы және аз қамтылған от­басылар несие бойынша қарыз­да­ры­на қарамастан грант алуға мүм­кін­діктері бар. Атқарушылық іс жүргізу туралы заң шеңберінде сот орын­даушы­лары, сондай-ақ банктік қыз­метке сәйкес екінші деңгейдегі банк­тер мемлекеттік жәрдемақылар есеп-шоттарынан басқа, борышкерлердің шоттарын бұғаттап тастауы мүмкін.  Осыған байланысты, Жұмыспен қам­ту және әлеуметтік бағдарла­ма­ларды үйлестіру басқармасы мен «Қазпошта» АҚ филиалы мемлекеттік гранттар мен қаражатты әлеуметтік карталық шоттарға – ID карталарға аудару туралы келісімге қол жеткізді. Көп­ба­лалы және аз қамтылған отбасылар жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген кезде, оларға Қазпоштада шот ашу ұсынылады. Отбасына грант алуға растау келіп түскеннен кейін, жұмыспен қамту орталығы қара­жат­ты нормативтік құжаттар шеңберінде бұғаттауға жатпайтын шотқа жібереді, – деді.

Көпбалалы ана грантқа ие болды

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында ауданда көпбалалы және әлеуметтік жа­ғынан аз қамтылған отбасы мен мүм­кіндігі шектеулі жандар гранта ие болып, өз істерін ашып, мал шаруа­шы­лығымен айналысуда.  Солардың бірі – Мамай батырда тұратын көп­ба­лалы ана Айнұр Түркістан  мем­ле­кеттік бағдарламаның шарапатын кө­ріп, 555 600 теңге грантқа ие болып, сиыр сатып алды. Айнұр Түркістан 5 баланың анасы ретінде атаулы әлеуметтік көмек алады. Осыдан екі жыл бұрын баспаналары өртеніп кеткендіктен осы ауылдан бір үйді жалға алған болатын. Осындай қиын кезде аудан әкімі Нұрымбет Аманұлының ұйытқы болуымен жыл көлемінде пәтерақысын төлеуге көмек көрсетілді. 2019 жылы облыс әкімі  Даниал Кенжетайұлының тапсырмасына сәйкес, «Аналарға құрмет пен қамқорлық» акциясы аясында  баспанаға қол жеткізді. Баспанаға ие болған отбасы қиын кезде қолдау көрсеткен аудан басшысына және демеушілік жасаған кәсіпкерлерге алғыс білдірді. Енді биыл мемлекеттік бағ­дарламаның игілігін көріп, сауынды сиыр алды. Болашақта мал басын көбейтіп, мал шаруашы­лы­ғымен айналысуды мақсат етіп отыр. Бар байлығым балаларым дейтін Айнұр  көпбалалы ана ре­тінде үнемі қолдау көрсетіп, демеуші­лік жасап жүрген кәсіпкерлерге,  Ма­май Батыр ауылындағы жерлес­теріне аналық алғысын жеткізді.  

Эльмира СОВЕТҚЫЗЫ