Қырғызда коронавирустан да қауіпті мәселе бар

Сондай-ақ!

Трамп Ақ үйді босатуының шартын айтты

АҚШ президенті Дональ Трамп Сайлаушылар алқасы Джозеф Байденді қолдаған жағдайда Ақ үйді босатып, қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters. «Әрине, орнымды босатамын. Бірақ егер Сайлаушылар...

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяда әзірленіп жатқан вакцина деректерін ұрламақ болды

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяда әзірленіп жатқан коронавирусқа қарсы вакцина деректерін ұрламақ болды. Бұл туралы оңтүстіккореялық парламент депутаты Ха Дэ Гюн мәлімдеді, деп хабарлайды Lenta.ru...

Марадонаның мәйітімен селфи жасап, жұмыстан қуылды

Sepelios Pinier жерлеу бюросының қызметкері жақында қайтыс болған Диего Марадонаның табытының жанында селфи жасағаны үшін жұмысынан қуылды. Бұл туралы Daily Mirror хабарлады. Әлеуметтік желіде атақты...

Марадонаның ұлы жансақтау бөлімінде жатыр

Диего Марадонаның ұлы коронавирустан емделіп жатыр. Ол әкесінің қайтыс болғанын өзіне хабарласқан журналистен білген.  25 қарашада қайтыс болған Диего Марадонаның ұлы реанимацияда жатыр. Бұл туралы...

Қырғыз Республикасында 20 желтоқсанға қайта белгіленген Парламент сайлауы өтпейтін болды. Елдің Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) сайлау өткізудің жұмыс кес­тесін жасап, Жоғарғы кеңеске депутаттарды тіркеуден өткізіп те қойған еді. 30 қа­занда Қырғыз Республикасының Жоғарғы соты сайлаудың кейінге қалдырылғанын жариялады.

Елдің оңтүстік аумағындағы Бат­кен, Жалалабад және Ош облыс­тарына барған іссапарында пре­зиденттің міндетін атқарушы, пре­мьер-министр Садыр Жапаров ел­мен кездесуінде бұл мәселеге де тоқ­талды. «Конституцияның 64-бабына сәйкес, Қырғыз Республи­ка­сының президенті ғана Жоғарғы кеңеске сайлау тағайындайды. Сон­дықтан бірінші президент сайлауы өтуі керек», – деді ол. Ал Президент сай­лауы 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленген болатын.

Садыр Жапаров оңтүстік аймақ­қа шұғыл түрде барып келді. Өйткені содан бірнеше күн бұрын қырғыз-тәжік шекарашылары бір-біріне қо­қан-лоққы жасап, атыс болған. Абы­рой болғанда адам шығыны бол­ған жоқ. Қырғыз Республикасы жиыр­ма тоғыз  жылдан бері Өзбек­стан және Тәжікстан республикаларымен шектесетін жерлерін толық анықтай алмай отыр. Кикілжің­дер­дің себебі де осыдан.

Садыр Жапаров ел үшін ко­ро­на­ви­рус індетінен де қор­қынышты екі проблема бар деп атады. «Біріншісі – ұлтаралық жанжал, екіншісі – ше­кара­ның босаңдығы. Ақырғы оқиға­ларды пайдаланып, үшінші күштер дейміз бе, оппоненттер дейміз бе, ұлтаралық жанжалды шығаруға әре­кеттенді және әрекет жасап жатыр. Мұның алдын алу мақсатында Ошқа келдім», – деді ол. Үкімет басшысы­ның айтуынша, өлкенің Шекара қызметі Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің құрамына кіріп, енді комитеттің төрағасы Қамшыбек Ташиев шекара мәселесімен тікелей айналысатын болады.

Өткен көктемде пандемиямен алы­сып, біраз қиындықтарды көр­ген қырғыз бауырларымыз жақында бас­талған індеттің екінші толқынын еле­мей жүргендей. Елдің назары ал­дағы президент сайлауына ауды. Бұлай айтпасқа амал жоқ. Өйткені сақ­тық шараларын ұстанып жүр­ген­дер аз.  Көшелерде, көліктерде маска тағып жүргендер бірен-саран. Бішкекте коронавирус мүлде жоқ сияқ­ты әсер қалдырады.

Қырғыз Республикасында пан­де­мия байқалғаннан бері 60 279 адам ауру жұқтырып алған. Қазіргі уа­қыт­та ауруханаларда 3 367 адам, күн­­дізгі емханаларда 3 889 адам ем­деліп жатыр. Бұл аурудан қайтыс бол­ған адам­дардың жалпы саны 1 159 бол­­ды. Үкімет тарапынан да коро­на­вирусқа қарсы қатаң шаралар әлі қабылданбай отыр. «Барлық күшті пан­демияға қарсы жұмсайық, ел жап­пай ауырып қалса, сайлаудың не керегі бар?» деген дабыл да қағыла бастады. Бішкек мэриясының жетекшілігі осы 14-15 қараша күндері Біш­­кекте коронавирус инфекциясы күшейіп, жоғарғы шекке жақын­дай­ды деп болжам жасады.

Ал енді, ОСК 14 қараша күні пре­­зиденттік қызметке канди­дат­тар­ды тіркеуді аяқтап, сайлау нау­қанын бастамақшы. Президенттің міндетін атқарушы, премьер-министр Садыр Жапаров сайлауға түсетінін тағы да мәлімдеді. Мұның алдында да «ел сайласа, ажо боламын, сайламаса жай адам боламын» деген еді (ажо – орта ғасырларда қыр­ғыздарды басқарған билік иесі. Қырғызда «Ай дейтін ажо, қой дейтін қожо жок» деген мақал сол дәуір­ден қалса керек, елімізде «Әй дейтін әже жоқ, қой, – деген қожа жоқ» деп айтылады). Садыр Жапаровтың бұл сайлауда ешнәрседен ұтылмайтыны белгілі болып тұр. Жеңсе, президент болады. Жеңілсе, парламент сайлауына түсіп, оның бірінші сессиясына дейін премьер-министр болып қала береді. Жаңа парламент жаңа үкіметті жасақтағанда Садыр Жапаров депутаттар тарабынан қолдау таба ма? Алдын ала айту қиын. Пар­ламент сайлауы келесі жылдың ортасында өтуі мүмкін. Сарапшылар­дың көпшілігі егер Садыр Жапаров президент болса, ел президенттік басқару жүйесіне, премьер-министр болса парламенттік басқару жүйе­сіне өтеді деген болжам айтуда. Бұл Конституцияға өзгерістер және то­лықтаулар енгізу арқылы іске аспақ­шы. Оны жаңарту үшін Консти­туция­лық кеңес құру, талқылау, жал­пыхалықтық референдум өткізу керек. Бұл президент сайлауы мен парламент сайлауы аралығында іске асырылуы мүмкін.

Республикада жалпы 15 жыл тұр­ған, мемлекеттік тілді білетін, жа­сы 35-тен жоғары, 70 жастан ас­па­ған Қырғыз Республикасының аза­маты президенттік қызметке  6 жыл мерзіммен бір жолы сайлана ала­ды. Тіркелерде 30 мың жақтау­шы­сының қолын да жинауға тиіс.

Бүгінгі күнде төрт кандидаттың арасында негізгі бәсекелестік болады деп айтылуда. Олар – Садыр Жа­паров, «Бүтін Қырғызстан» пар­тия­сының лидері Адахан Мадумаров, Жоғарғы кеңестің төрағасы Қа­нат Исаев және «Республика» пар­тиясының бұрынғы лидері Өмір­бек Бабанов. Президенттік сайлауда бұрынғы президенттер Алмазбек Атам­баевтың, Сооронбай Жээн­беков­тің жақтастары да белсенділік та­нытқалы отыр. Қазіргі саяси жағ­дай туралы қырғыздың саяси сарапшысы Марс Сариев былай дейді: «Садыр Жапаровтың билігін Ресей мойындамағансып жатқанымен, ол Мәскеуге жақын адам. Қырғыз Рес­публикасындағы парламент сай­лауы­ның теріс нәтижесінен соң ірі дер­жавалардың арасында өлкеміз­дегі ахуалға  қызығушылық артты.  Мәс­кеу президент сайлауына дейін Садыр Жапаровты ашық қолдай алмайды. Әсер ету саясатында «жасырын әдістер» бар. Мәскеу қабыл алмай жатыр деп, әдейі мәлімет таратуда. Шындап келгенде, сайлау аяқталысымен Ресей Садыр Жа­паров­тың билігін бірінші болып таниды. Жалғыз олар емес, Қытай да, басқалары да Жапаровқа ғана тоқ­талуда». Белгілі саясатшы Садыр Жа­паровтың президент болатынына нық сенімді сияқты.

Назарбек БАЙЖІГІТОВ,

Túrkistan-ның Қырғыз республикасындағы тілшісі (Бішкек)

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
көп балалы ана

Азаматығы жоқ, баспанасы жоқ көп балалы ана қайтіп күн көрер?

Өзбекстаннан келген қандасымыз Наргиз Ташкенбаева төрт баланың анасы, жұмыссыз, балаларға арналған әлеуметтік...
қазақстандық боксшы

Данияр Елеусінов әлем чемпионы Джулиус Индонгоны нокдаунға түсірді

Бүгін қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) жартылай орта салмақтағы IBF...
өрт

Моншадан шыққан өрт көршілес үйге, дәмхана мен дүкенге жайылған

Таразда моншадан шыққан өрт жапсарлас үйге, дәмхана мен дүкенге дейін жайылған. Кеше Тараз...

«Қызыл аймақ». Шығыс Қазақстанда індет күннен-күнге өршіп барады

Қазақстанда өткен тәулікте 826 адамнан коронавирус індеті анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Ресми портал ұсынған...
27 мың доллар

Тергеуші 27 мың доллар пара алған

Алматыда 27 мың доллар сомасында пара алды деп айыпталған тергеушіге қатысты сот...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...