Жаңалықтар

Түпқараған ауданында 776 адам жұмыспен қамтылды

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында 23 жобаны іске асыру барысында 776 адам жұмыспен қамтылды.

«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру бағыты бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалардың бірі – Форт-Шевченкодағы Е.Умирбаев атындағы мектепті қайта жаңарту жұмыстары.

Түпқараған

Осы орайда Nur Otan партиясы Түпқараған аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы аталған нысанға мониторинг жүргізді. Мектептің ішкі жұмыстары толықтай аяқталды. Соның ішінде өрт, су құбыры, электр жүйелері, санфаянс орнату жұмыстары 100 пайызға аяқталды. Ендігі кезекте желдету жүйесі, витраждар және резервуар бойынша жұмыстарды аяқтау қалды. Жоспар бойынша барлығы қараша айында қолданысқа беріледі.

Back to top button