Түркістанның бас жоспары жобасы мақұлданды

Сондай-ақ!

Сара Назарбаева қазақстандықтарды ар-ожданмен өмір сүруге шақырды

"Бөбек" қорының негізін қалаушы және президенті Сара Назарбаева қазақстандықтарды ар-ожданмен өмір сүруге және бір-біріне құрметпен қарауға шақырды. Бұл туралы ол Алматыдағы балаларды тәрбиелеуге арналған...

БАӘ-ден ұшып келген қазақстандықтан коронавирус инфекциясы анықталды

23 қарашада Қазақстан аумағына Түркия, Беларусь, БАӘ, РФ және Германиядан 10 ұшақ ұшып келді, деп хабарлайды Ведомствоаралық комиссияның telegram каналы. Осы 10 ұшақпен ұшып келген...

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп карантинге жабылды

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылының орта мектебі карантинге жабылды. Аталған мектепте оқитын 8 оқушы және мектеп жанынан ашылған шағын орталық тәрбиеленушісінен коронавирус инфекциясы...

Ресейде антисептиктен уланып, қайтыс болғандар саны өсіп келеді

Ресейдің Свердлов облысында дайындалған антисептиктен уланған тағы бір Ресей азаматы қайтыс болды. Бұған дейін ажалды антисептикті ішімдік ретінде пайдаланған 7 адам көз жұмып, тағы 2...

ҚР Үкіметінің бүгінгі отырысында Түркістан қаласының бас жоспары жобасы қаралды және мақұлданды.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи шешімінің арқасында қасиетті Түркістан қаласы – бүкіл түркі әлемінің мәдени-рухани астанасы ретінде өркендеуіне үлкен серпін берілді. Қазіргі таңда Түркістан – еліміздің рухани жаңғыруының символына айналуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласының дамуына үлкен назар аударады», – деп атап өтті ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин.

Үкімет басшысы Түркістанның жаңадан дамуын, тарихи құндылықтарды сақтай отырып, одан әрі көркеюін қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылғы қыркүйекте Түркістан қаласын дамытудың бас жоспарының тұжырымдамасы мақұлданғанын еске салды.

«Қысқа мерзімде нақты жұмыс атқарылды. Түркістан қаласының мәдени-рухани және әкімшілік-іскерлік орталықтарының, көлік және инженерлік инфрақұрылымы, тұрғын үйлер аймағының құрылысы қарқынды жүргізілді. Жалпы, облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілгеннен бері қаланың негізгі капиталға инвестициялар көлемі – 400 млрд теңгені құрады. Жаңа бас жоспарға сәйкес қала аумағы біршама ұлғайды – 3 мың гектарға жуық. Сонымен қатар, қала тұрғындарының саны 176 мыңға дейін өсті, 2025 жылға қарай қала халқының саны 250 мыңға дейін, ал 2035 жылға қарай 350 мыңға дейін жететін болады», – дейді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, тез өсіп келе жатқан қаланың барлық мұқтаждығы Түркістан қаласын дамыту бойынша ұсынылып отырған жоспарда ескерілген. Ол қала тұрғындары мен оның қонақтары үшін толыққанды жайлы орта құруға мүмкіндік береді.

«Ұсынылған жоспар қаланың және Түркістан облысының атқарушы органдарымен және де орталық мемлекеттік органдармен келісілген. Қала инфрақұрылымын дамытудың тиісті схемалары әзірленген. Жоспарды қабылдау – Түркістан қаласының алдағы уақытта дамуының нақты бағытын белгілейді. Сондықтан ұсынылып отырған жоспар жобасын қолдауды және Үкіметтің тиісті қаулысына дауыс беруді ұсынамын», – деді Асқар Мамин.

 

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Дәмханадағы жарылыстан тағы бір адам қайтыс болды

Елордалық кафелердің бірінде газ баллонының жарылуы салдарынан қаза тапқандар саны екіге жетті....
Сара Назарбаева

Сара Назарбаева қазақстандықтарды ар-ожданмен өмір сүруге шақырды

"Бөбек" қорының негізін қалаушы және президенті Сара Назарбаева қазақстандықтарды ар-ожданмен өмір сүруге...

БАӘ-ден ұшып келген қазақстандықтан коронавирус инфекциясы анықталды

23 қарашада Қазақстан аумағына Түркия, Беларусь, БАӘ, РФ және Германиядан 10 ұшақ...

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп карантинге жабылды

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылының орта мектебі карантинге жабылды. Аталған мектепте...

Ресейде антисептиктен уланып, қайтыс болғандар саны өсіп келеді

Ресейдің Свердлов облысында дайындалған антисептиктен уланған тағы бір Ресей азаматы қайтыс болды. Бұған...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...