Қос экшн-камерасы бар смартфон сатылымға шығады

Қос экшн-камерасы бар смартфон сатылымға шығады

Қос  экшн-камерасы бар смартфон сатылымға шығады
ашық дереккөзі
226

    Қосарлы экшн-камерасы бар смартфон пайда болды. Жаңа құрылғының тағы бір ерекшелігі – қорғаныс деңгейінің жоғарылығы. Кір-қоқысқа, су мен механикалық зақымдарға төзімді. Kyocera компаниясы ұсынған бұл смартфонның аты – Duraforce Pro.

 Өндірушінің айтуынша, IP68 стандарты бойынша қорғалған сыртқы жабыны құрылғының ішіне судың, ұсақ-түйек заттрадың енуіне жол бермейді. Сонымеен қатар, жаңа смартфон 810G әскери стандарты бойынша қорғалған екен. Яғни оқыста қолдан түсіріп алсаңыз, сынып қалады деп уайымдаудың қажеті жоқ. Анау-мынау соққыға сыр бермейді. Kyocera компаниясының өкілдері  Duraforce Pro-ның камерасы бүгінгі күннің ең мықты экшн-камераларына бәскелес бола алатынына сендіріп отыр. Смартфонның көмегімен су астында, сондай-ақ, баяулатылған режимде түсірілім жасауға болады. Сипаттамаларына келер болсақ, жаңа телефонның экраны – 5 дюйм, процессоры – 8 ядролы Qualcomm Snapdragon 617. Duraforce Pro күзден бастап сатылымға шығарылмақ. Өндіруші әзірге  бағасын жария еткен жоқ.

Серіктес жаңалықтары