Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 47 миллионға жуықтады

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 46,6 миллионнан асты. Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі осындай. 

Университет мәліметінше, пандемия басталғалы әлем елдерінде 46 607 519 адам індет жұқтырған. Қатерлі вирус құрбандарының саны 1 201 642-ге жетті.

Індет жұқтырғандар саны жөнінен көш бастап тұрған АҚШ-та 9,2 миллионнан аса адамнан коронавирус анықталды. Екінші орында – Үндістан, онда 8,2 миллионнан аса адам індет жұқтырған. Ал үшінші орында тұрған Бразилияда коронавирусқа шалдыққандар саны 5,5 миллионнан асты. Індеттен көз жұмғандар саны жөнінен де осы үш мемлекет алда.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 442 адамнан коронавирус анықталып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 113 мыңға жуықтады. Індеттен 1825 отандасымыз қайтыс болды. 106 мыңнан астам адам емделіп шықты.

Back to top button