Француз саясаткері лайк үшін футболшыны ұлттық құрама сапынан шығармақ

Француз саясаткері лайк үшін футболшыны ұлттық құрама сапынан шығармақ

Француз саясаткері лайк үшін футболшыны ұлттық құрама сапынан шығармақ
ашық дереккөзі
50267
Француздық саясаткер, «Ұлттық бірлестік» партиясының вице-президенті Жордан Барделла «ПСЖ» футбол клубы және Франция ұлттық құрамасының ойыншысы Преснель Кимпембені футболдан алыстатқысы келеді. Ол футболшыны ережесіз жекпе-жек шебері, ресейлік Хабиб  Нұрмагомедовтың Instagram желісіне жазған постына лайк басқаны үшін ұлттық құрама сапынан шығаруды талап етуде. Хабиб Instagram желісіне Франция президенті Эммануэль Макронға қатысты өз ойын жазып, кейіннен Мұхаммед пайғамбар туралы жаман пікір айтқандардың Алла жазасын берсін деген пост жариялаған болатын. Кимпембе Хабибтің бұл постына лайк басқан. Кейіннен өзінің бұл әрекетін түсіндіріп, Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «Мен саясатпен емес, спортпен айналысамын. Және мен орыс тілінде сөйлемеймін. Мен терроризмге, зорлық-зомбылыққа және айла-шарғы жасаудың әрекетіне түбегейлі қарсымын»,-деп жазды. Ал Барделла футболшының бұл жазбасына еш сенген жоқ. «Мен орысша сөйлемеймін». Бұл ресми ақталу ма? Адамдарды ақымақ санайды. Кимпембені  Франция ұлттық құрамасына еш жолатпау керек»,-деп мәлімдеді. Кимпембеден бөлек, Хабибтың постына Карим Бензема, Мамаду Сако, Миралем Пьянич және Тьемуэ Бакайоко секілді футболшылар лайк басқан.

Серіктес жаңалықтары