Ғалымдар өлімге әкеліп соғатын тағы бір қатерлі ауруды анықтады

Ғалымдар өлімге әкеліп соғатын тағы бір қатерлі ауруды анықтады

Ғалымдар өлімге әкеліп соғатын тағы бір қатерлі ауруды анықтады
ашық дереккөзі
Ғалымдар VEXAS деп аталатын жаңа қатерлі ауруды анықтады. Халықаралық зерттеушілер тобы өз зерттеу жұмыстарының нәтижесін The New England Journal of Medicine журналында жариялады, деп жазады Lenta.ru Мамандардың мәліметіне сүйенсек, генетикалық мутация тудыратын патология адам ағзасында қан ұйықтарының пайда болуына әкеліп соғады. Бұл ауруға шалдыққандардың 40 пайызы көз жұмады. Ғалымдардың атап өтуінше, аталған дерт бұрын дәрігерлер өзара байланыстырмаған бірнеше синдромды біріктірген. Мәселен, VEXAS-қа шалдыққандардың көпшілігінде өкпе тіні мен шеміршек тіні зақымданады. Бүгінде бұл аурумен ауыратын 50 жайлы ғана ақпарат бар.  Алайда мамандар науқастардың саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін деп болжап отыр. Еске сала кетейік, жуырда АҚШ ғалымдары коронавирус індетінің жаңа қауіпті симптомын анықтаған еді. Зерттеу қорытындысы бойынша 10 адамның 8-інен неврологиялық ауытқулар, атап айтқанда энцефалопатия анықталған. Энцефалопатия – тіндердің өзгеруі арқылы ми функцияларының бұзылуына соқтыруы мүмкін мидың ауруы. Ғалымдардың сөзінше, бұл дерт коронавирустың ең ауыр неврологиялық көрінісі.