Қазақстандық төреші Токио Олимпиадасында қазылық жасайды

Қазақстандық төреші Токио Олимпиадасында қазылық жасайды

Қазақстандық төреші Токио Олимпиадасында қазылық жасайды
ашық дереккөзі
50341
Қазақстан каратэ федерациясының өкілі, халықаралық дәрежедегі төреші Асқар Молдағали келесі жылы Токиода өтетін Жазғы олимпиада ойындарында қазылық етеді, – деп хабарлайды ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті.

 width=

Бүкіләлемдік каратэ федерациясы (WKF) Токио Олимпиадасында қазылық жасайтын үміткерлердің тізімін жасады. Ресми түрде ұсынылған 14 төрешінің қатарында Қазақстан каратэ федерациясының өкілі Асқар Молдағали да бар. Асқар Молдағали ката мен кумитэден толық лицензияға ие халықаралық дәрежедегі төреші. «Әрине, бұл маған ғана емес, ұлттық федерация мен жалпы Қазақстан спорты үшін жағымды жаңалық. Олимпиада қарсаңындағы екі жыл төрешілер үшін өте қиын өтті. ҰОК, Конфедерация мен Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ, Ұлттық каратэ федерациясының қолдауымен мүмкін болған 25 лицензиялық турнирдің бәріне қатыстым. Олимпиадалық цикл аяқталғанша атқаратын жұмыс көп. Дегенмен, мен үмітті ақтауға тырысамын», – дейді Асқар.

 width=

ТМД елдерінің арасынан тек екі төреші тізімге ілінген. Олардың бірі –Асқар Молдағали, екіншісі – Әзірбайжан өкілі.

Серіктес жаңалықтары