Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

Сондай-ақ!

«Алтын тобылғы-2020» әдеби сыйлығының иегерлері марапатталды (видео)

Нұрсұлтан Назарбаев қоры «Алтын тобылғы» әдеби байқауын қорытындылады. Жүлде конкурс негізінде төмендегі номинациялар бойынша тағайындалды: «Жылдың үздік прозасы» Бақытбек Қадыр (Túrkistan газетінің тілшісі) Нұр-Сұлтан қаласы; «Жылдың үздік...

Мемлекеттік сыйлық иегерлері белгілі болды

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы, Ақорда хабарлады. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік...

Қазақтың «Мұзбалақ» фильмі екі бірдей халықаралық байқауда топ жарды (видео)

Қазақстандық «Мұзбалақ» картинасы екі бірдей кинофестивальде олжалы болды.Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясының әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды.  «Қазақфильм» киностудиясы шығарған «Мұзбалақ» толықметражды анимациялық фильмі дүниежүзі көрермендерінің жүрегін...

«Итаяғың болар еді алтыннан, иттің тісі батпағанда желкеңнен» Сабыр Адай Жаңаөзенді жырлады

Төмендегі видеода ақын Сабыр Адай және Светқали Нұржан өлең оқиды. Жаңаөзен қаласы, 1999 жыл. https://www.youtube.com/watch?v=b9Tg6dV43QQ&feature=youtu.be&fbclid=IwAR3Y13myV9g_Suaze498fel3PrbjhnnlS4YwrT7gNmiyJgBj2z3WhTIsA6c&ab_channel=%D0%91%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%80%D0%91%D0%B0%D1%82%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D0%B5%D0%B2

Ақордада Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы өтті.

Отырыста Бағдарламаны 2020 жылы іске асыру нәтижелері және алдағы жұмыстың жаңа басым бағыттары қарастырылды. Кеңес барысында атқарылған жұмыс жөнінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ҚР Білім және ғылым министрі Асқат Аймағамбетов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова баяндады.

Іс-шара барысында жастардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі дамытуға байланысты жаңа бастамалары туралы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов пен ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Ерлан Саировтың ұсыныстары да талқыланды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы талқыланды. Әлемдік пандемия мен экономикалық дағдарыс көптеген шаралар мен жобалардың жүзеге асуына кесірін тигізіп, кедергі болды. Басым көпшілігін кейінге шегеруге тура келді. Кейбір шаралардың концепциясы қайта қаралды.

Бағдарлама аясында еліміздің руханияты мен тарихын, әдебиеті мен мәдениетін, білімі мен ғылымын тереңдету, таныту, зерттеу бағыттары бойынша жұмыстар кеңінен жалғасуда.

Комиссия отырысында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев «Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс­ты­рып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды» деп атап өтсе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев таяуда халыққа арнаған Жолдауында: «Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру. Қазақ қоғамында жаңа қағидаттар және жаңа бағдарлар салтанат құруы тиіс» екенін айрықша айтты. Яғни, ұлттық сананы жаңғыртудағы осы саяси сабақтастықты негізге ала отырып, біз рухани жаңғырудың ұлттық жаңғыруға ұласуына барынша күш-жігерімізді салып, ұлтымызды жаңа сапалық деңгейге көтеруге қызмет етуіміз керек» деп атап өтті.

Осыған орай, Комиссия отырысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі тереңдетіп, Ұлттық жаңғыру кезеңіне өткізудің арнайы «Жол картасын» жасау қажет деген шешім қабылданды.

Бұл құжат аса маңызды ұлттық жоба ретінде жүргізіледі.

Ұлттық жаңғыру жобасының ең басты мәні – Ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Бұл – ұлттық жаңғырудың стратегиялық мақсаты ретінде қала бермек.

Жол картасында Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру, Білім және ғылымды дамыту, Жоғары ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру, Еңбек адамын қалыптастыру, Ауылды түлету сияқты тағы басқа кешенді іс-шаралар қамтылады.

Мемлекеттік хатшы отырысты қорытындылай келе, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыттары бойынша жұмысты одан әрі жандандыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Қазақстан коронавирусқа қарсы Ресей вакцинасын бірігіп өндіруге келісті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РФТИҚ) әлемде алғашқы...

2021 жылы мұсылмандар қандай мерекелерді тойлайды?

Ораза 14 сәуірде басталады. Мұсылмандардың ең басты мерекесі – Құрбан айт 20,...

Конфет сыртындағы тудың суреті заңсыз екен

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың түсіндіруі бойынша конфет оралған қағазға тудың...

WhatsApp жақында кімдерді бұғаттай бастайтыны белгілі болды

2021 жылғы 8 ақпаннан бастап WhatsApp қолданушылары үшін жаңа ережелер енгізілетін болады....

Алматы тұрғыны үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеп жібермек болды

Медеу ауданының өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлерi өз-өзiне қол салмақ болған жiгiттi...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...