COVID-19: Түркістанда оңалту орталығы ашылды

Түркістанда коронавирустық инфекциямен немесе пневмониямен ауырған және одан емделіп шыққандарды оңалтуға арналған алғашқы орталық ашылды. Жаңа орталықтағы мамандар алғашқы 19 емделушіні қабылдап, реабилитациялық көмек көрсетіп жатыр. Оларға ингаляция, парафинотерапия, емдік массаж, велотренажер сынды емдік шаралары жүргізіледі.

Алдағы уақытта орталықты магнитті терапия және басқа да медициналық аппараттармен толықтыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар емхана базасында вирусологиялық зертхана үздіксіз жұмыс істейді. Мұнда Түркістан облысының Отырар, Бәйдібек, Созақ аудандары мен Кентау, Түркістан қалаларындағы емдеу мекемелерінен алынған ПТР сынамаларына талдау жасалады. Нәтижелері орталықтандырылған жүйе арқылы азаматтардың жеке мәлімет жүйесіне енгізіледі.

Back to top button