Жауапты хатшылар неге үмітті ақтамады?

Сондай-ақ!

Британдық дәрігер коронавирустан қорғану үшін қандай өнімдер тұтыну керегін айтты

Ұлыбританиялық дәрігер Гита Мейкер-Кларк пандемия кезінде ағзаның қорғаныс қабілетін арттыру үшін қандай тағамдар тұтыну керегін айтты. Оның сөзінше, иммунитетті көтеру үшін мүмкіндігінше жаңа піскен...

Жаңару жолы: «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті

Қазақстанның Тұңғыш Президенті мерейтойлық съезде сөйлеген сөзінде «Nur Otan» партиясы еліміздегі ең басты саяси күш екенін атап өтті. Партия Төрағасы еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктеріне...

Бокстан Иран ұлттық құрамасындағы қазақ: Олимпиадаға өз елімнің атынан қатысқым келеді

Бала кезінен 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновке еліктеп өскен қандасымыз Абдулхаким Бектұр бокстан Иран ұлттық құрамасының белді мүшесі. Бүгінде Иранның негізгі құрамасында...

Карантин кезінде Қазақстанға заңсыз кіріп-шыққандарға дәрігерлер жалған анықтама беріп отырған – ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері карантин кезінде Қазақстан аумағына заңсыз кіріп-шыққандарды анықтады, Бұл туралы Tengrinews.kz агеттігі комитеттің сайтына сілтеме жасап хабарлады. ҚР ҰҚК ШҚО бойынша Департаменті...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің дерегінше, Қазақ­стан­дағы мемлекеттік қызметшілердің саны – 89 мың 5 адам. Бұл – жалпы штат санының 91,4 пайызы. Оның ішінде саяси қыз­мет­шілер, ірі бастықтар – 699, «А» корпусының әкім­ші­лік қыз­мет­шілері – 80, «Б» корпусының әкімшілік қызметшілері – 88 226 адам. Пре­зиденттің тапсырмасы бойынша мемқызметшілер саны биыл жыл соңына дейін 10 пайызға, келесі жылы тағы 15 пайызға қыс­қаруы тиіс. Бұл – санды азайтып, сапаны арттыруды, жа­лақымен бір­ге өнімділікті де өсіруді көздеген қадам. Қыс­қартудың көші ми­нистрліктердегі жауапты хатшыларынан бас­талмақ. Басталып та кетті. Нәтижесі қандай болмақ?..

«А» корпусына жататын жауапты хат­шы­лар – айрықша статусқа ие мемлекеттік қыз­меткерлер. Оларды Президент Әкім­ші­лі­гінің ұсынуымен, Мемлекет басшысы Премьер-Министрмен ақылдаса отырып та­ғайындайды және қыз­метінен босатады. О баста жауапты хатшыларға мемлекеттік сая­си қыз­метшілер ауысқан кезде мемлекет­тік органдардың жұмысында кадрлық са­бақ­та­стықты сақтау міндеті жүктелген еді. Алайда уақыт өте келе «қойшы көп болса­ның» кері келіп, бұл лауазымның маңызы кеміді. Бұл мәселеге биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айрықша тоқ­талып, жауапты хатшыларды қыс­қарту керегін айтты.

«Жауапты хатшылар институтына тоқ­тал­ғым келеді. Осы институтты енгізген кез­­де олардың ауыспалы болмауы ми­нистр­лер­ді әкімшілік-кадрлық жұмыстан босатады, аппараттың тұрақтылығын қамтамасыз етеді деп қарас­тырылған әдіс іс жүзінде олай болмады», – деді Президент.

Мемлекет басшысының  айтуынша, министрлер мен жауапты хат­шылар арасында дұрыс жұмыс жүр­гізілмейді.

«Нәтижесінде, ортақ іске нұқсан келті­рі­леді. Сұрау бір адамнан болуы керек, яғни Президент тағайындаған министр жауапты болуы тиіс. Сон­дықтан жауапты хатшылар инс­титутын қыс­қарту керек. Олардың мін­детін ми­нистрліктердің аппарат бас­шы­лары­на жүктеу қажет. Жоғарыда аталған ұсы­ныстарды жүзеге асыру үшін мемлекеттік қызмет туралы заң­намаға жыл соңына дейін түзетулер пакетін қабылдауды тапсырамын», – деді Қ.Тоқаев.

Сенат депутаты Еділ Мамытбековтің пікірінше, жауапты хатшылар инс­ти­тутын жою – революциялық шешім.

«Мемлекеттік аппаратты және мемле­кет­тік қызметшілер санын 2020 және 2021 жыл­дары 25 пайызға қысқарту туралы мін­дет қойылды. Бұл мемлекеттік қызмет­ші­лер­дің жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. Ал еңбекақы төлеудің факторлық-бал­дық жүйесіне көшу синэргетикалық нә­тиже алуға мүмкіндік береді. Менің ойым­­ша, жауапты хатшылар институтын жою – революциялық шешім. Аталған инс­ти­тут министрліктердің тұрақты жұмысы мен нақты кадр саясаты бөлігінде өзіне жүк­телген үміттерді ақтамады. Сонымен қа­тар министрлер мен жауапты хатшылар ара­сында мүдделер қақтығысы жиі туындады, бұл мемлекеттік органның қызметіне те­ріс әсер етті. Сондықтан бұл шешім тек пай­далы болады», – дейді сенатор.

Қазақстан Үкіметінің дерегіне сүйен­сек, қысқартылғалы отырған жа-уапты хатшылардың жалақысы – еңбек өті­­ліне қарай 685-830 мың теңге ара­лы­ғын­да. Оған мемлекеттік қызметтегі өлшеусіз бонус, сыйақы және тағы да басқа үстеме тө­лемдерді қоссаңыз, қомақты сома. Демек, жау­хатшыларды қысқарту арқылы жүк­те­месі ауыр, жұмысы жүйелі 7 мемқызметшінің жалақысын 100 мың теңгеге дейін арттыру­ға болады.

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, қыс­қартылатын жауапты хатшылардың тағ­­дырын Президент пен министрлер ақыл­­даса шешеді. Қазақстанның 15 ми­нистр­лігінде 15 жауапты хатшы болса, өт­кен ­аптада олардың үшеуі қызметімен қош­тасып, жаңа орынға жайғасып үлгерді. Әнуар Ахметжанов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі ми­нистрлігінің жауапты хатшылығынан бо­сатылып, осы ведомство басшысының бі­рін­ші орынбасары қызметіне тағайындалды. Биыл шілдеден бері Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы болған Әсем Нүсіповаға да вице-министр креслосы бұйыр­ды. Индустрия және инфрақұры­лым­дық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылған Мереке Пішембаев төтенше жағдайлар министрінің орынбасары болды.

Жемқорлықпен аты шыққан жаухатшылар

Қызметімен қоштасқалы отырған, қоштасып үлгерген жауапты хат­шы­лардың осы күнге дейін атқарған ілкімді іс­тері мен баянды бастамаларына тоқталып, ел атынан алғыс айтпаққа өткенге шолу жасап көрдік. Ерек оқиғаларды еске түсіруге тырысқанымызбен, ойға мардымды ештеңе орала қоймады. Жаухатшылардың өнімді жұмысы жайлы ғаламторда да мағлұмат сараң. Есесіне, желіде олардың жемқорлығы туралы дерек жетерлік.

Мәселен, ақпарат құралдары жуырда сыбайлас жемқорлыққа барған  Мә­­дениет және спорт министрлігінің бұ­рын­­ғы жауапты хатшысы  Қ.Уәлиев жайлы жа­р­ыса жазды. Ол осы министрліктің әкім­шілік департаментінің экс-директоры Е.Дәр­жібаевпен бірге «ҚазАқпарат» баспа кор­порациясы» басшысынан діни тақы­рып­тағы әдебиетті басып шығару бойынша мем­лекеттік тапсырыс шартын жасау ар­қылы көрсеткен жалпы көмегі үшін 37 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған. Нұр-Сұл­тан қалалық №2 сотының үкімімен  Қ.Уәлиев пен Е.Дәржібаевқа 8 және 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайын­далды.

Өткен жылы Білім және ғылым ми­нистрлігінің жауапты хатшысы  Арын Өрсариевтің де «атағы» жер жарған еді. Шенеунік 48 млн теңге жымқырды деген күдік­ке ілінді. Ол тіпті заңсыз құжаттарға қол қоймаған мемлекеттік сатып алулар де­партаментінің директорына қоқан-лоқ­қы көрсеткен. Департамент басшысына жа­ла жауып, түрлі әкімшілік іс қозғатып, сө­гіс жариялатқан. Оны жұмыстан шығару­ға да әрекеттенген көрінеді. Әділетті талап ет­кен департамент директоры жауапты ор­га­ндарға Өрсариевтің ұйымдасқан топпен ақша жымқырып отырғанын дәлел­дей­тін мәліметтер ұсынып, саланы жемқор­лар­дан тазартуды өтінген еді.

2018 жылы парақорлықпен сотталып, ісі cотта 2 жылға жуық уақыт қарал­ған Сырт­қы істер министрлігінің бұрынғы жауап­ты хатшысы Анарбек Қарашевті де жұрт ұмыта қоймаған болар. Іс материалда­рына сүйенсек, экс-шенеунік ШЫҰ, Еур­АзЭҚ және елордада өткен Сирия келіс­сөз­дері сияқты маңызды халықаралық іс- шара­ларды ұйымдастыру бойынша қызмет көр­сету шарттарын жасағаны үшін пара алған. Аталған қызметтер үшін А.Қарашев 52 миллион теңгені қалтаға басқан. Оның 7 миллион 400 мың теңгесі жаухатшы бар­ған сауналар мен мейрамханаларға жұм­сал­ған. Сондай-ақ сот барлық істе Анарбек Қара­шевке 4 адамның көмектескенін дә­лел­деді. Олар 2 жылдан 5 жылға дейін бас бос­­­тандығынан айырылды. Ал Сыртқы іс­тер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы екі жылға сотталды.

Қысқартуға түрткі болған төрт себеп

2021 жылдың соңына дейін Қазақстанда мем­лекеттік қызметкерлердің саны 25 пайызға кемиді. Бұған дейін де елімізде ше­неуніктерді азайту, атауы бөлек болға­ны­мен, атқаратын қызметі бір лауазымдарды қысқарту ұдайы жүргізіліп келеді. Алай­да бір штат қысқарғанымен, екіншісі ашы­лып, мемқызметшілердің жалпы са­нын­да аса көп өзгеріс бола қоймаған еді. Мем­лекет басшысы халыққа Жолдауында бұ­дан былай қысқарту  сөз жүзінде емес, іс жү­зінде қарқын алуы тиіс екенін қадап айт­ты.  Президенттің  мұндай тапсырма беруіне не себеп болды, қысқарту не үшін қа­жет деген сауалдарға жауап іздеп көрейік.

Біріншіден, таң атқаннан қас қа­рай­ғанша құжаттан бас көтермейтін, тү­ге­сіл­мейтін тапсырмалардан қажитын мем­лекеттік қызметшілер жалақының аз­ды­ғына, жүктеменің көптігіне жиі ша­ғым­данады. «Еңбекақысы аз мемлекеттік қыз­метшінің қоғам үшін пайдасынан зияны көп!», – деді Президент. Расында да, санасын тұрмыс билеген адам қоғамның игілігі, елдің ертеңі жайлы толғана қоюы екіталай. Сондықтан қысқартудан үнемделген қара­жат өзге қызметкерлердің жалақысын кө­бей­туге, сәйкесінше жұмыстың өнімділігін арттыруға бағытталмақ.

Екіншіден, мемлекеттік басқаруды ықшам, жинақы күйге келтіру – заман талабы. Елімізде екі-ақ адам ұршықша иі­ретін жұмыстың айналасында екі жүз қыз­меткер жүретіні жасырын емес. Ал да­мы­ған мемлекеттер сан сапаның көрсеткіші бола алмайтынын әлдеқашан ұққан. Мә­се­лен, Швейцарияда министрлер кабинеті не­бәрі 7 адамнан тұрады. Канада үкіметінде – 27, Жапония үкіметінде 17 адам қызмет етеді. Штат саны көп министрліктер мен ұлт­тық компаниялардың дәуірі өтті. Прези­дент көркем көрсеткіштерге құрылған мем­лекеттік бағдарламалар әзірлеуді тоқ­татыңдар деді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін­ше, Қазақстан барша азаматқа түсі­нікті, қысқа әрі нұсқа ұлттық жоба форматына көшуі тиіс.

Үшіншіден, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойын­ша мемлекеттік басқару органдары ел тұрғындарының өтініштеріне жедел жауап беріп, азаматтардың мәселесін дер ке­зінде шешуге күш жұмылдыруы тиіс. Өт­кен жылғы Жолдауында Мемлекет басшысы мем­лекеттік аппарат қызметіндегі проблемалар көбінесе азаматтар мен жергілікті жер­лердегі шенеуніктер арасындағы кері бай­ланыстың болмауына байланысты еке­нін айтқан еді. Ендігі жерде шенеуніктер ха­лыққа жоғарыдан қарауды доғарып, то­лыққанды серіктес ретінде қабылдауы тиіс. Жұртшылықпен қоян-қолтық жұмыс істеп, маңызды шешімдерді қабылдау барысында жеке сектор мен қоғам өкілдерінің ұсыныс-пікірлерін ескеруі қажет. Демек, көп құры­лым­дағы кеңесші, сарапшы секілді маман­дар­дың қызметіне қажеттілік болмайды.

Төртіншіден, пандемия мемлекеттік қызметтердің көбін электронды түр­де алуға болатынын, кеңсе жағаламай-ақ, ешкімнің есігін қақпай-ақ ісімізді тындыра алатынымызды көрсетті. Кесірлі кесел таралғалы мемлекеттік және квазисектор қыз­меткерлерінің сексен пайызы қашықтан жұм­ыс істеді. Олардың біразы ештеңе істемей, жалақысын алып, үйде отырды. Осы кезде көптеген шенеунікті қысқартып, мем­лекеттік функцияларды жекеменшікке не­месе қоғамдық секторларға беруге бола­ты­ны көрініп қалды. Міне, осы себептер мемлекеттік басқару жүйесіндегі күрделі реформаларға жол ашпақ.

Жылы орнынан кімдер айырылады?

Жылдың аяқталуына екі-ақ ай қал­ды. Алайда қай құрылымда қанша адам қысқаратыны, қызметімен кімдер қош­тасатыны белгісіз. Бекітілген тізім жоқ кө­рі­неді.  Мемлекеттік қызмет істері агент­тігі­нің төрайымы Анар Жайылғанованың ай­туынша, оңтайландыруға жататын қыз­меттерді айқындау кезінде, ең алдымен, тұ­рақты бос қызметтер қаралмақ.

«Бүгінде бос жұмыс орындарының жалпы саны шамамен 8 мың бірлікті немесе мем­лекеттік аппараттың жалпы санының 8,5 пайызы. Бұдан басқа, жыл сайын жұ­мыс­керлердің зейнеткерлікке шығуы есебінен 1 мыңнан астам орын босатылады, сондай-ақ 6 мыңға жуық қызметші жеке секторға және өзге де ұйымдарға ауысады. Осы резервті пайдалану мемлекеттік қызметшілер­дің нақты қысқаруын барынша азайтуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Осылайша, бұл мемлекеттік қызметшілерді механика­лық қысқарту ғана емес, ең алдымен олар­дың тиімділігін арттыру мақсатында оң­тай­ландыру болады», – дейді агенттік басшысы.

Сондай-ақ оңтайландыру нәтижесінде жұмыстың қайталануы болмайды, ар­тық басшылар алынып тасталады, басым емес міндеттер бәсекелестік ортаға беріледі. Ал бизнес-процестер барынша автомат­тан­дырылмақ.

Тағы бір айта кетерлігі, қысқартуға болмайтын, керісінше, қорғауды қа­­жет ететін әлеуметтік осал санаттағы аза­­­­маттар да бар.

«Қазіргі уақытта Еңбек кодексіне сәйкес жүк­ті әйелдер қысқартылмайды. 3 жасқа дейін­гі балалары бар аналар, жалғызбасты ана­лар, балаларды анасыз тәрбиелеп отыр­ған өзге де адамдар, сондай-ақ зейнеткерлік­ке шығуға 2 жылдан аз қалған қызметшілерді де қысқартуға болмайды. Осыған байланыс­ты мемлекеттік қызметшілердің жоғарыда аталған құқықтарының сақталуын бақылау жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ Мем­лекеттік қызмет туралы заңда мем­лекет­тік қызмет өтілі кемінде 3 жыл болған жағ­дайда жұмыстан шығу жәрдемақысын тө­леу қарастырылған», – деді Анар Жайыл­ғанова.

Сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы басшыларды әлеу­меттік осал топтарға жататын мемлекеттік қызметшілерді, әсіресе, отбасындағы жал­ғыз асыраушыларды жұмысынан босат­пауға және қысқартылған әріптестеріне жұмыс табуға көмектесуге үндеді. Пандемия басталғалы бүкіл әлемнің бас ауруына ай­нал­ған жұмыссыздық мәселесі біздің елі­мізді де айналып өтпегені белгілі. Ендеше, бір түйткілдің түйінін тарқатамыз деп, екін­ші түйткілдің күрмеуін көбейтіп алмау­ды да ойлауымыз керек.

Редакция таңдауы

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Бокстан Иран ұлттық құрамасындағы қазақ: Олимпиадаға өз елімнің атынан қатысқым келеді

Бала кезінен 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновке еліктеп өскен қандасымыз Абдулхаким Бектұр бокстан Иран ұлттық құрамасының белді мүшесі. Бүгінде Иранның негізгі құрамасында...

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн...

Британдық дәрігер коронавирустан қорғану үшін қандай өнімдер тұтыну керегін айтты

Ұлыбританиялық дәрігер Гита Мейкер-Кларк пандемия кезінде ағзаның қорғаныс қабілетін арттыру үшін қандай...

Жаңару жолы: «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті

Қазақстанның Тұңғыш Президенті мерейтойлық съезде сөйлеген сөзінде «Nur Otan» партиясы еліміздегі ең...

Бокстан Иран ұлттық құрамасындағы қазақ: Олимпиадаға өз елімнің атынан қатысқым келеді

Бала кезінен 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновке еліктеп өскен қандасымыз...

Польшада әлемдегі ең терең бассейн ашылды (видео)

Польша астанасы Варшава маңындағы  Мщонуве елді мекенінде әлемдегі ең терең бассейн –...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...