Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасына өтініш қабылдау басталды
ашық дереккөзі
Бүгіннен бастап елімізде Шаңырақ «5-10-20» ипотекалық бағдарламасына өтініш қабылдау басталды. Аталған бағдарлама жергілікті атқару органдарында кезекте тұрған баспанаға мұқтаж азаматтарға арналған. Жобаға 1986-2017 жылдан бері кезекте тұрғандардан басқа 2018-2020 жылдар аралығында өтініш бергендер де қатыса алады. «Шаңырақ» пилоттық жобасы қазақстандықтарға тиімді несиемен баспанаға қол жеткізу мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасымен жасалған. Жоба аясында барлығы 54 198 өтініш қаралды. Олардың ішінде 34 453 адам 1986-2017 жылдары кезекке тұрған. Қазір құны 32,4 млрд теңге болатын 2 386 өтінім мақұлданды. Шаңырақ бағдарламасын жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкінің еншілес ұйымынан 210 млрд теңге аударылды. Оның бірінші бөлігі, 90 млрд теңге «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ аударылды. Осы қаражатқа 7-8 мың қазақстандық отбасыға қолжетімді баспана беріледі. Жылдық 5% мөлшерлемемен несие алу үшін үміткер әкімдікте кезекте тұруы керек. Сонымен қатар, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ шотында үй бағасының 10 пайыз жинағы болуы шарт. Несие 20 жылға дейінгі мерзімге беріледі.