COVID-19: Шетелден ұшып келген 39 жолаушыдан індет анықталды

COVID-19: Шетелден ұшып келген 39 жолаушыдан індет анықталды

COVID-19: Шетелден ұшып келген 39 жолаушыдан індет анықталды
ашық дереккөзі
6 қазаннан бері елімізге шетелден ұшып келген 39 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді. «6 қазаннан бастап рұқсат беру шаралары күшіне енгелі бері Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен 44 834 жолаушы ұшып келді. Оның басым бөлігі, яғни 84 пайызы - шетелдіктер. ПТР-тест анықтамасыз 7 540 жолаушы келді. Оның бәрі де ПТР-тест тапсыру үшін 2 күнге карантин стационарына жатқызылды. Осы 7540 адамның ішінде 39-ынан коронавирус анықталды», - деді Сәдуақас Байғабылов. Сондай-ақ, көліктегі бас санитар үш апта ішінде ПТР анықтамасыз ұшып келген 31 шетелдік  депортацияланғанын атап өтті. Олар - Ресей, Украина, Беларусь, Түркия, Германия, Ұлыбританияның елдерінің азаматтары. Еске салсақ, 26 қазаннан бастап Қазақстан қалаларынан орындалатын халықаралық рейстердің кестесі жасалғанын хабарлағанбыз. Халықаралық авиарейстер 11 елге (Түркия – 33 жиілік, Оңтүстік Корея – 2 жиілік, Нидерланды – 2 жиілік, БАӘ – 16 жиілік, Беларусь – 4 жиілік, Германия – 4 жиілік, Украина – 1 жиілік, Өзбекстан – 2 жиілік, Мысыр – 2 жиілік, Қырғызстан – 2 жиілік, Ресей – 2 жиілік) аптасына 70 рейс жиілігімен 20 маршрут бойынша орындалады. Айта кетейік, Қазақстан аумағына келгендердің барлығы (соның ішінде ҚР азаматтары), соның ішінде екіжақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілер міндетті ПТР-тестілеуден өтуі тиіс. Шетелден келушілерге  коронавирусқа ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтаманың жарамдылық мерзімі 3 күнге дейін белгіленді.