Руың жаман десе шамданған қазақ, Туыңды да аман сақта

Сондай-ақ!

Тоқаевтың тапсырмасынан соң бағасы арзандайтын дәрі-дәрмектің тізімі шықты

Денсаулық министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бағасы төмендетілетін дәрі-дәрмектің тізімін ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Бәсекелестікті реттеу және дамыту агенттігі Денсаулық сақтау министрлігімен...

Тұңғыш Президент күні: Оқушылар мен студенттерге деректі фильмдер топтамасы көрсетіледі

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында оқушылар мен студенттерге деректі фильмдер топтамасы көрсетіледі. Келесі жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтіледі. Тәуелсіздік жолы күрделі реформалар...

Желтоқсан-қаңтар айларында карантин күшейтіле ме ‒ министр жауап берді

Елімізде желтоқсан немесе қаңтар айларында қатаң карантин шаралары енгізілуі мүмкін бе? Бұл сауалға Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді. «Қазақстанда карантин шараларын желтоқсан немесе...

Алматының қақ ортасында мәйіт табылды

Алматыда көшеде ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Politic. Бейнежазба алғашында әлеуметтік желілерде пайда болды. https://www.youtube.com/watch?v=rxNtXFtA7wA&feature=emb_logo Автор оқиғаның Сейфуллин даңғылында, Жібек жолы көшесінің қиылысында болғанын хабарлайды. Ер адам...

Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет әр елдің өзінен басталады. Егерде бөтен елдер Гимнімізді шатастырып, масқаралап жатса, оның себебін өзімізден іздеуге тура келеді. Ал, рәмiздерiмiздi ұлықтау, құрмет тұту – бiр Тудың астында берекелi күн кешкен жандарға ортақ мiндет. Тұғырлы Тудың қасиетiн айтамыз, бiрақ сол қасиеттi қорлап жатқандарға бұл күнi қандай жаза қолдана алдық? Ойландыратын жайт.  

«Бөрі басы – ұраным,

Бөрелі менің байрағым,

Бөрілі байрақ көтерсе,

қозып кетер қайдағым».

Сүйінбай бабамыздың мұндағы «қайдағысы» жанып тұрған намысы ғой! Жазатайым сол бөрілі байрақ құласа, не болар еді? «Бөрілі байрақ құласа, күйремей кеткен жан емен». Ал, мынандай бейбіт заманда байрақ құлағаны былай тұрсын, Мемлекеттік Туымыз қайта-қайта қорланып жатыр. Ендеше, қорланған Туымыздың бірнеше хронология жасап, есімізге түсіріп көрсек артық болмас.

Арыға бармай-ақ қояйық, әйтпесе сөз ұзарады. Беріден бастайық.

2010 жылы қыркүйек басында Тараздағы Абай атындағы гуманитарлық колледжде өткен сенбілікте көк байрақпен қоқыс тасып жүрген екі студенттер ұялы телефоны арқылы түсіріліп алынған бейнекөріністің масқара болып жарияланған болатын. Алайда, аталған дерек бойынша қандай да бір шара қолданылғанын естімедік.

Сол жылдың желтоқсанында Талдықорғанның мамандандырылған аймақаралық әкімшілік сотында ҚР Мемлекеттік Туынан шырша ойыншықтарына арналған  қап тігіп, сатылымға шығарған «Жигули» компаниясының тірлігі май шаммен қаралды.

2012 жылғы наурызында Нұр-Сұлтан қаласындағы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ғимаратының төбесінде жыртылып қалған ҚР Мемлекеттік Ту  бірнеше күн ілініп тұрды. Аталған мекеме осы келеңсіздік үшін кешірім сұрауға да жараған жоқ.

ҚР Мемлекеттік Тудың қорлау фактісі 2012 жылғы сәуірдің басында Атыраудағы Орталық ықшам ауданындағы Көлік прокуратурасының ғимараты жанынан көшені тазалап жүрген гастробайтерлердің қоқыстарды еліміздің көк байрағына салып жүргенін байқалды. Атырау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен атап өткендей, аталған факт бойынша қылмыстық іс ашылып, күдіктілерді және еліміздің Туының олардың қолдарына қалай түскенін анықталып жатқанын хабарлады.

2012 жылдың шілдесінде ХХХ Жазғы олимпиада ойындарының ашылуы қарсаңында Лондонның орталығындағы Парламенттік алаңда, күн бейнесінің орнына тесігі бар ҚР Мемлекеттік Туы орнатылған. Сол Туға байланысты «Ақ жол» ҚДП төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты А.Перуашев сол кездегі ҚР Мемлекеттік хатшысы М.Құл-Мұхаммедке ашық хат жолданған болатын. Алайда, осыған тікелей жауапты ҚР Мәдениет және спорт министрдлігі нақты ресми жауап қайтара алмады.

2012 жылғы қыркүйекте 1989 жылы туған К. есімді Атырау қаласының тұрғыны «Мерседес Бенц – 320» маркалы автокөлігінің алдына Қазақстанның Туын заңсыз орнатып,  жазаға тартылды. Әрине, «атыраулық азамат осылай еліне деген патриоттық сезімін көрсетпекші болған шығар, содан көлік капотында да білместіктен жапқан шығар» деген ой келсе де, Атырау қаласы прокурорының аға көмекшісі атап өткендей, соттың шешімін қатаң жаза деп санауға болмайды. К. есімді әлгі азамат көлігінің лас капотына Туды қалай болса, солай жапсыра салғанын айтты. Бұл қадамға ол саналы түрде барған болып шықты.

2014 жылы шілде айында әлеуметтік желіде Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің бірі – көк Туды жүк көлігінің брезенті ретінде пайдаланылған сурет кеңінен қалқыланды. Бұл фотоны танымал жүргізуші, шоумен Марат Оралғазин түсіріп, Instagram желісінде жария еткен болатын. Суреттен жүк көлігінің Алматы көшелерінде кетіп бара жатқанын байқауға болады. Бұл жөнінде жауапты министрліктерде және Парламентте нақты мәселе ретінде қаралмады. Қарасай ауданының тұрғыны А.Есімбеков не-бәрі әкімшілік жазамен құтылып кетті.

Нұр-Сұлтанда тұратын Жандос Құрманбаев балконына Қазақстан Туын Г.Головкиннің жеңісіне орай ілгенін әлеуметтік парақшасында: «ҚР жалауын терезе жаққа патриоттық сезіммен әрі #GGG жеңісіне байланысты ілгенмін. Бүгін жалауды алып тастады. 394 400 тг. айыппұл салды». «Бұл қалай болғаны? Біз неліктен өз патриоттығымыздан, еліміздің жалауынан қысылуымыз керек? Түркияда, мысалға, Ту ілінбеген балкондар мен шатырлар сирек кездеседі», – деп жазады Facebook-тағы қолданушылар. Қорыта келгенде, Жоғарғы Сотының ұйғарымымен аталған іс бойынша қысқартылып, айыппұл алынып тасталды.

2015 жылдың 11 маусымы күні «Бек-Асыл Сервис» ЖШС-нің жұмысшылары Шымкенттегі Ғали Іляев көшесінің бойындағы қоқыс контейнерінен қалдықтарды тазалауға М.Сайлаубаевтың басқаруындағы «Dong Feng» автокөлігімен келеді. Жәшіктен қоқыстарды алып жатқанда арасынан ақ түсті қалтадан Қазақстанның Мемлекеттік Туы табылады. Жұмысшылар Туды жайып, соған қоқысты сала бастаған. Бұл сәттің фотосуреттері сол күні-ақ ғаламторға тарап кетеді.    Ал, коммуналдық жұмысшылар туды қорлағандары үшін жазаланды. Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық сотының 2015 жылдың 8 шілдесіндегі үкімімен «Бек-Асыл Сервис» мекемесінің екі жұмысшысы Т.Биболат және Г.Қалдыбаева айыппұл төледі.

2015 жылғы қазан айында Қазақстандық тәтті құмарлар школад қабындағы ҚР Мемлекеттік Тудың суретіне лайықты құрмет көрсетпейді. Сенаттың пленарлық отырысында сөз сөйлеген С.Еңсегенов ҚР Мемлекеттік рәміздерді пайдаланатындарға көңіл толмайтынын жеткізді. Аталмыш шоколад «Рахат» АҚ шығаратын өнім болып табылады. АҚ басқарма төрағасы міндетін кәріс азаматы атқарады.

Шетелдік компанияларға ҚР Мемлекеттік Туын ілу Конституциялық заңмен міндеттелмек пе?

Кезінде Парламенттің Сенат отырысында «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» №258 Конституциялық заңына осындай өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныс қаралды. Өкінішке қарай, аталған заңға өзгеріс жасалғанымен шетелдік компаниялар кеңселерінің алдында қазақтың байрағын желбіретуге аса құштар емес.

2016 жылы Ольга Шумилова ҚР Мемлекеттік Туды қоқысқа тастағаны үшін қоғам сынына ұшырады. Қостанайлық әйел халықтан кешірім сұрап, қатаң сөгіспен жазадан құтылды. 2017 жылы қазан айында Қызылорда қаласының тұрғыны Сұлтан Тумашинов шағымданған болатын. Азамат патриот болғаным үшін заң алдында жауапқа тартылдым деп ашынып отыр. Мемлекеттік туды терезесінің алдына іліп қойғаны үшін айыпталған азаматқа 453 мың теңге көлемінде айыппұл салынып отыр.   Қызылордадағы Ішкі істер басқармасының учаскелік инспекторы тиесілі пәтердің терезесінде ілініп тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көріп, осы азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, ҚР Жоғарғы Сотының ұйғарымымен қабылданған шешімнің күші жойылды.

Түркістан облысы Келес ауданының білім ошағында Қазақстан Туына түйреуішпен дәрі тамызғыш іліп, ем алып жатқан әйелдің видеосы таралып кетті. Оқиға Түркістан облысы Келес ауданына қарасты Абай ауылындағы Саз мектебінде болған. Сарыағаш ауданының тұрғыны Л.Дарханбаева Facebook желісіндегі парақшасына 2020 жылдың 6 тамыз күні сағат 13:50-де Келес ауданы Абай ауылында орналасқан Саз мектебі басшысының міндетін уақытша атқарушы З.Умаргазиеваның Мемлекеттік Туды қорлағаны туралы жазба жариялаған. Оны Абай балалар саз мектебінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Асанов есімді мұғалімі ұялы телефонының бейне камерасына түсіріп, әлеуметтік желіге салған болатын. Өкінішке орай, құзырлы органдар басшыға қатысты ешқандай шара қолданбады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тудың авторы Шәкен Ниязбеков: «Халқыма тек бақыт тілеймін. Білгенімнің бәрін халқымнан үйрендім. Менің еңбегімді бағалаған сол ұлтымның әр азаматы, бала-шағасы, немере-шөбересімен бақытты ғұмыр кешсе екен» – деген екен.

Шәкен Ниязбековтың қазаққа тарту еткен тамаша Туы әрқашан тәуелсіз қазақтың көгінде желбіреп тұрғай!

 

Руслан ХАМЗА,

Қазақстанның журналистер Одағының мүшесі,

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі

ұлттық орталығының атқарушы директоры

Атырау қаласы

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

«Өзін балағаттаған ұлынан анасы кешірім сұрады» Ұлы ақыры түрмеге түсті

Сотта жалған куәлік еткені үшін шартты түрде сотталып, Атырау қалалық пробация қызметінің...

Елдегі эпидахуал нашарлап барады – Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағаны туралы хабарлады. "Қазақстанда эпидемиологиялық...

Тоқаевтың тапсырмасынан соң бағасы арзандайтын дәрі-дәрмектің тізімі шықты

Денсаулық министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бағасы төмендетілетін дәрі-дәрмектің тізімін...

Тұңғыш Президент күні: Оқушылар мен студенттерге деректі фильмдер топтамасы көрсетіледі

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында оқушылар мен студенттерге деректі фильмдер топтамасы көрсетіледі. Келесі...

Желтоқсан-қаңтар айларында карантин күшейтіле ме ‒ министр жауап берді

Елімізде желтоқсан немесе қаңтар айларында қатаң карантин шаралары енгізілуі мүмкін бе? Бұл...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...