Марат Бисенғалиев: Бораттың авторы – менің досым

Сондай-ақ!

Air Astana ұшақтары Мальдив аралдарына ұша бастайды

Әуе компаниясы Алматыдан Мальдив аралдарына тікелей рейстерін аптасына екі рет сәрсенбі және сенбі күндері 5 желтоқсаннан және қосымша 21 желтоқсаннан дүйсенбі күндері орындай бастайды. Рейстер Airbus A321 LR...

Күнқожа Қайрулла: Бесқала жыршылық мәнері көмескіленіп барады

Өзге елде жарық дүние есігін ашса да, атажұртына оралған соң сырттағы қандастарымыз жасаған мәдени-рухани байлықты паш етіп, оның мән-маңызын зерделеп жүрген талапты жастар аз...

COVID-19: жағдайдың өршуіне Ресей шекараласуымыз себеп болып отыр

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірде коронавирус жұқтыру жағдайларының неліктен жиілеп кеткенін түсіндірді. «Коронавируспен ауру өсімі ең алдымен Ресей Федерациясымен шектесуімізге байланысты болып тұр....

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Марат Бисенғалиев, скрипкашы: 

– Сіз Эрран Барон Коэнмен бірлесіп жұмыс істедіңіз. Эрран өзінің туған інісі Саша Барон Коэннің Қазақстан туралы «туындысын» көріп пе? 

– Эрран «Бораттың» авторларының бірі ғой. Осы фильмге музыка жазған, фильмдегі Қазақстанның «әнұранын» жазған. Және «Бруно», «Диктатор» сияқты Саша Барон Коэннің басқа фильмдеріне музыка жазған адам.
– Ендеше «Бораттың» авторларының бірінен «Қазақстанда не ақыларыңыз бар?» деп сұраған жоқсыз ба?

– Сұрадым, әрине. Тіпті осыны сұрау үшін арнайы іздеп жүріп таныстым да. Бұл тақырыпта Эрраннан сұхбат та алдым. Бірақ онымен сөйлесу қиын, қандай сұрақ қойсаң да қалжыңға сүйеп, тайқып кетеді. Біздің алғашқы кездесуіміз Лестер сквердегі стейк хауста болды. «Боратты» көрген соң намыстанып, «Не істеуге болады?» деп ойладым. Ең дұрысы – фильмнің авторларымен тікелей пікірлесу керек деп шештім. Саша Барон Коэнның өзін табу қиын болды, ағасы музыкант екенін білгенде телефонын тауып алып, сөйлестім. Кездесуге келіскеніне де таңғалдым. Бірден: «Сізге қазақ тақырыбында тапсырыс беріп, музыка жаздырғым келеді. Оны Sony компаниясы шығаруға келісіп отыр», – дедім. Кездесуге «Sony» компаниясының басшысы Крис Крекермен келдім. Әрине, Эрран келісті. Бірақ келе сала күдіктене қарап, төңіректен дыбыс жазатын құрылғылар іздеді, сосын: «басқа бір үстелге отырайықшы», – деді. Орын ауыстырып едік, сонда да тынымсызданып, отыра алмады. Ақыры: «басқа орын таңдаңыз» дедім. Жолдың арғы бетіндегі мейрамханаға бардық. Сол кезде ғана ол зейін қойып тыңдап, тапсырысты алды. Кейін ол жазған «Зере» Лондонда үлкен қызығушылықпен қабылданды. Алматыда екі рет орындадым, америкалық РВS компаниясы келіп, деректі фильм жасады. Ол «О, Қазақстан!» деген атпен интернетте әлі де бар. Өкініштісі, Эрранның өзін Қазақстанға келуге көндіре алмадым, ол түсінікті жағдай, мұнда келуге қорқады. Бірақ Эрранмен достығымыздың арқасында Саша Барон Коэн әдеби образынан бас тартты. Содан былай шоу-бағдарламаларында Борат болып шықпайтын болды. Бұл біз үшін үлкен жеңіс болатын. Өйткені Борат – Коэннің ең табысты образы. Али Джи де, Аладин да, Бруно да емес. Бірақ шындап келгенде «Борат» арқылы ол Қазақстанды емес, америкалықтарды, олардың топастығын келемеждеп отыр. Эрран айтпақшы, Қазақстанды random kanji, яғни кездейсоқ таңдап алған. Олар о баста Өзбекстанды алғысы келіпті. Бірақ «Өзбекстанды» айту қиын. Ақыры Қазақстан деген әдемі естіледі деп, соған тоқтапты. Бұл ел батыста соншалықты бейтаныс деп ойлады да, қателесті. Бірақ осы резонанс жаман болған жоқ. Ағылшындардың any publicity is good publicity дегені дұрыс. Көпшілікте «Қазақстан деген не?» деген қызығушылық туды. Және фильмнің гротескілі түсірілгені соншалық, саналы адамдар оған шындап мән берген емес.
– Біз көргенде шындап мән бердік. Сіз қалай қабылдадыңыз?
– Коэн фильмге дейін біраз уақыт бұрын Ұлыбританияның «Channel 4» арнасында осы имиджді пайдалана бастады. Алдымен Али Джи шықты. Сосын Борат пайда болды. «Али Джи шоу» бағдарламасында Борат қазақстандық журналист болып шығып, ағылшындардан сұхбат алатын. «Мен Қазақстаннан едім, білгім келгені…» деп бастап, топастау сұрақтар қойып, ағылшындардың өздерін мазақ қылатын. Сөйте тұра ағылшындардың снобизмін, институциялық расизмін сығып алатын. Бұл расизм ағылшындарда да, америкалықтарда да бар. Қарапайым америкалықтар өздерін жердің кіндігі санайды, бірақ онысын керемет жасыра біледі. Бораттың сұхбаттарында осы жасырын сезімдер бір сәтте-ақ жария болып қалатын. Сонау 2000 жылы, «Борат» фильмі түсірілмей тұрып, осы «Channel 4»-тің бағдарламасын көріп қалдым. Бұл менің намысыма тиіп, тіпті бір бағдарламасын дискіге жазып алғаным бар. Бұған қалай да тоқтау қою керек деп, осы мәселені өзіміздің билікпен талқылағым да келді. Бірақ мұндағылар мән бере қоймады. Әрине, менің басқа жұмысым болмаса, соның түбіне түсіп, қажетті адамдармен кездесуіме болатын еді. Фильм шыққанда солай етпегеніме өкіндім және бұған қалай қарсылық көрсетуге болады деп тағы ойладым. Ең нашар жол кеуде соғып, сотқа жүгіру. Құдайға шүкір, Қазақстан олай істеген жоқ. Президент Боратты қонаққа шақырып, тіпті «менің қонағым болсын», – деді. Мәсімов те Вашингтонда қалжыңдай салғаны бар. Байқасаңыз, ұлы ұлттар өзіне өзі күлгенді жақсы көреді. Шотландтар, еврейлер өздері туралы жиі әзілдейді. Бірақ ұлттық намысы жоқ дей алмайсыз ғой?

«Халық сөзі» газеті, №99-100. 14.12.2012.

 

Редакция таңдауы

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Бокстан Иран ұлттық құрамасындағы қазақ: Олимпиадаға қазақ елінің атынан қатысқым келеді

Бала кезінен 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновке еліктеп өскен қандасымыз Абдулхаким Бектұр бокстан Иран ұлттық құрамасының белді мүшесі. Бүгінде Иранның негізгі құрамасында...

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Елордалықтар қашанғы көмір жағып, газ баллондарын пайдаланады?

Астананы газдандыру мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Жыл сайын көктемге қарай...

Air Astana ұшақтары Мальдив аралдарына ұша бастайды

Әуе компаниясы Алматыдан Мальдив аралдарына тікелей рейстерін аптасына екі рет сәрсенбі және сенбі...

Күнқожа Қайрулла: Бесқала жыршылық мәнері көмескіленіп барады

Өзге елде жарық дүние есігін ашса да, атажұртына оралған соң сырттағы қандастарымыз...

COVID-19: жағдайдың өршуіне Ресей шекараласуымыз себеп болып отыр

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірде коронавирус жұқтыру жағдайларының неліктен жиілеп кеткенін...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...