Хабиб Нұрмағамбетов UFC-де рекорд орнатты

Хабиб Нұрмағамбетов UFC-де рекорд орнатты

Хабиб Нұрмағамбетов UFC-де рекорд орнатты
ашық дереккөзі
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамбетов промоушен тарихында қатарынан үш титулды жекпе-жекте жеңіске жеткен бірінші файтер болып отыр, деп хабарлайды vesti.kz. Америкалық Джастин Гэтжимен айқаста ресейлік спортшы белбеуін үшінші рет қорғады. Мұның алдындағы екі жекпе-жекте ол екі салмақта бұрынғы чемпион Конор МакГрегор мен уақытша чемпион болған Дастин Порьені жеңген еді. Еске салайық, Хабиб UFC 254 турнирінде Гэтжиді тұншықтыру әдісімен жеңді. Ал кездесуден кейін чемпион карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.