Мемлекет басшысы Асқар Маминді қабылдады

Сондай-ақ!

Илья Ильин – ғылыми қызметкер

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин тағы да жаңа қызметке тағайындалды. 2020 жылғы 10 қыркүйектен бері Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінің...

Қарағанды облысында көпқабатты үйден өрт шығып, екі адам қайтыс болды

Қарағанды облысына қарасты Шахан кентіндегі көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінен өрт шықты.  Өрт салдарынан 63 жастағы ер адам мен 58 жастағы әйел адам қайтыс болды,...

Апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған ұшақ көлікпен соқтығысты (видео)

АҚШ-тың Миннесота штатында ұшақ көлікке соғылды, деп хабарлайды BBC агенттігі. Қозғалтқыштың істен шығуына байланысты тас жолға шұғыл қонуға мәжбүр болған шағын ұшақ көлікке соқтығысқан. Төтенше...

Ауыл мұғалімі сыйға берілген 1 000 000 АҚШ долларын әріптестеріне бөліп берді

Үндістандық мұғалім Ранджитсингх Дисейл жыл сайын ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен өтетін «Global Teacher Prize 2020» сайысында жеңіске жетіп, 1 000 000 АҚШ долларын иеленді. Онлайн режимде...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, – деп хабарлайды Ақорда.

Президентке санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндалды.

Асқар Мамин Президентке еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың бақылауда екенін жеткізді. Сондай-ақ коронавирус індетінің жаңа толқынына дайындық жұмыстары аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді.

Атап айтқанда медициналық ұйымдар мен халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, емдеу нысандарына жасанды тыныс беру аппараттары мен оттегі концентраттарын жеткізу, аймақтарды жылжымалы диагностикалық кешендермен, цифрлық рентген-аппараттармен, мобильді топтармен және жедел медициналық көмек көрсету көліктерімен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта 13 аймақтың 10-ында модульдік жұқпалы ауруханалардың құрылысы аяқталған, қалған 3 нысан осы жылдың қараша айының соңына дейін пайдалануға беріледі. Мемлекет басшысына республикалық және аймақтық тұрақтандыру қорларының құрылғаны және денсаулық сақтау жүйесіне арналған 91 түрлі дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныш құралдарының екі айлық қоры жасақталғаны туралы айтылды.

Дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау үшін дәріханалардың бөлшек сауда жүйесінде сұранысқа ие 33-тен астам препарат қоры қосымша жасақталуда. Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа ПТР тест сынамаларын алу көлемін арттыру жұмыстары туралы да мәлімет берді.

Оның айтуынша, зертханалар саны 124-ке дейін көбейіп, тестілеу қуаты тәулігіне 66 мыңға дейін жетті. Бұл ретте, тұрғындарды тест сынамаларымен қамту 2,5 есе ұлғайтылып, ПТР тест сынамаларын алу құны төмендетілді.

Бұдан бөлек, Асқар Мамин Президентке шекаралық өткізу бекеттерінде, сондай-ақ, көліктің барлық түрлері мен инфрақұрылымдарында санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың күшейтілгені туралы баяндады.

Сонымен қатар өңірлердегі бизнес субъектілерінің жұмысы біртіндеп қайта қалпына келтірілуде. Осы ретте, аймақта вирус жұқтыру өсімінің тіркелмеуі, тұрақты эпидемиологиялық ахуалдың «жасыл» деңгейде болуы ескеріледі.

Премьер-Министр Мемлекет басшысына кәсіпкерлерді қолдау, шетелден инвестиция тарту, жұмыспен қамту ісін дамыту және елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өркендетудің басқа да өзекті мәселелері жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндады.

Президент коронавирус пандемиясының алдағы айлардағы таралуына қатысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пессимистік болжамдарын ескеріп, Үкімет белгілеген жоспардың мүлтіксіз орындалуының маңызды екенін атап өтті.

Карантинді күшейту жөніндегі қатаң шараларды кәсіпкерлердің мүдделерін және жалпы еліміздің экономикалық дамуын ескере отырып қабылдаған жөн.

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Қарттар үйінде тұрған зейнеткер мұрасын көршілеріне қалдырды

Германия тұрғыны 7,5 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты көршілеріне өсиет етіп мұраға...

Илья Ильин – ғылыми қызметкер

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин тағы да жаңа қызметке...

Қарағанды облысында көпқабатты үйден өрт шығып, екі адам қайтыс болды

Қарағанды облысына қарасты Шахан кентіндегі көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінен өрт шықты.  Өрт...

Апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған ұшақ көлікпен соқтығысты (видео)

АҚШ-тың Миннесота штатында ұшақ көлікке соғылды, деп хабарлайды BBC агенттігі. Қозғалтқыштың істен шығуына...

Ауыл мұғалімі сыйға берілген 1 000 000 АҚШ долларын әріптестеріне бөліп берді

Үндістандық мұғалім Ранджитсингх Дисейл жыл сайын ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен өтетін «Global Teacher Prize...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...